Есжанов Айдын Бауржанұлы

«Биология» мамандығы бойынша PhD, аса қауіпті инфекцияларды тасымалдаушылар мен таратушылар бойынша маман
e-mail: aidyn.yeszhanov@zool.kz
1987 жылғы 16 сәуірде Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Алматы қаласындағы №18 лингвистикалық гимназияны тәмамдаған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) түлегі, Биология және биотехнология факультетін «Биология» мамандығы бойынша бітірген:
Бакалавриат (2009 ж.) – Цитология және гистология кафедрасы.
Дипломдық жұмысының тақырыбы: «Шөлді қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар өкпесінің ұсақ құрылымының ерекшеліктері».
Магистратура (2011 ж.) – Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы.
Магистрлік диссертациясының тақырыбы: «Іле өзені бассейнінің кейбір су айдындарындағы көл бақасының (Rana ridibunda) сыртқы морфометриялық көрсеткіштері».
Докторантура (2015 ж.) – Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы.
Диссертациясы тақырыбы: «Оңтүстік Балқаш өңіріндегі үлкен құмтышқан (Rhombomys opimus) популяцияларына биотикалық және абиотикалық факторлардың әсерін және оба эпизоотиялық процесінің белсенділігін зерттеу».
2016 жылы Ньютон–Әл-Фараби беделді сыйлығын жеңіп алып, Ливерпуль университетінің (Ливерпуль қ., Ұлыбритания) постдокторантура бағдарламасына түсті. Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Ұсақ құрлықтық жыртқыштардың қозғалыс сипатын бағалау және олардың обаның баламалы тасымалдаушылары ретіндегі маңызы» (2016–2018 жж., ref. 216379961).
2021 жылы тамызда ҚР БҒМ Зоология институтына Арахнология және басқа да омыртқасыздар зертханасының меңгерушісі қызметіне қабылданды.
2026 жылдың шілде айында ҚР ҒЖБМ ҒК Зоология институтының бас директоры лауазымына тағайындалды, 2026 жылғы 3 шілдедегі № 37-жқ бұйрығы.
ҚР ҒЖБМ Зоология институты Ғылыми кеңесінің және институттың Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі (2021 жылдан бастап). 2026 жылдың шілде айынан бастап ҚР Зоология институты Ғылыми кеңесінің Төрағасы.
Ғылыми еңбек тәжірибесі
Зертхана меңгерушісі – Гидробиология және экология институты (2020 ж.).
Жетекші ғылыми қызметкер – М. Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы, аса қауіпті инфекциялар эпизоотологиясы бөлімі (2019–2020 жж.). 2010–2019 жылдары Ұлттық ғылыми орталықтың зоология және паразитология зертханасында кіші ғылыми қызметкерден жетекші ғылыми маманға дейінгі қызметтер атқарды.
Кіші ғылыми қызметкер – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экология проблемалары ҒЗИ (2009–2010 жж.)
ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ЖОБАЛАРҒА ҚАТЫСУЫ
Айдын Бауржанович Есжанов бірқатар іргелі және қолданбалы ғылыми бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға қатысты.
Ғылыми жетекші:
«Батыс Тянь-Шань жабайы жануарларын сақтау және ұтымды пайдалану мақсатында олардың кадастрын жүргізудің ақпараттық жүйесін әзірлеу» бағдарламасы, 2024–2026 жж., ЖТН BR24993060.
Жоба орындаушысы:
«Қазақстанның оңтүстігінде тері лейшманиозы (Leishmania major) мен бубон обасын (Yersinia pestis) тасымалдаушылармен күресу үшін фипронил негізіндегі жем арқылы үлкен құмтышқанды (Rhombomys opimus) емдеу» (2016 ж., АҚШ Қорғаныс министрлігі, Генезис зертханасы, Inc).
Бағдарлама бөлімдерінің жауапты орындаушысы:
«Қазақстан жануарларының Қызыл кітабын және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың электрондық базасын әзірлеу», (2023–2025 жж.), ЖТН BR18574058
«Солтүстік Тянь-Шаньның жануарлар дүниесінің генетикалық әртүрлілігін сақтау үшін кадастрын әзірлеу», (2021–2023 жж.), ЖТН BR10965224
«Қазақстан Республикасының ғылыми зоологиялық коллекциясы бойынша ұлттық электрондық деректер банкін құру, олардың ғылым мен білім беруде тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету», (2020–2022 жж.), ЖТН OR11465437
Жобалардың орындаушысы:
«Қазақстан Республикасы үшін аса қауіпті, «кері қайтушы», қайтадан пайда болған және тасымалы жұқпалардың қоздырғыштарын микробтық коллекциялау және диагностикалау, мониторингілеу жүйесінің бірыңғай ғылыми негіздерін дайындау», (2018–2020 жж.), ЖТН BR05636941.
«Байсерке-Агро» ЖШС мысалында ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыру және асыл тұқымдық сапасын жақсартудың кешенді жүйесін әзірлеу», (2018–2020 жж.), ЖТН BR06249249.
«Тасымалдаушы–патоген өзара әрекеттесу моделіндегі күрделі байланыстар: құрылымдық тасымалдаушы популяциялар арқылы жұқпалы аурудың жанама түрде таралуы кезіндегі мінез-құлық», 2013–2014 жж. Wetenschappelijk Onderzoek – Vlaanderen (F.W.O.) қорының қолдауымен, Антверпен университеті (Бельгия).
«Оңтүстік Балқаш өңіріндегі оба індетінің өршуін болжау», (2010–2013 жж.). Wellcome Trust қорының қолдауымен, Ливерпуль университеті (Ұлыбритания).
«Іле–Балқаш өңірі экожүйелерінің қазіргі жай-күйін бағалау және оларды жіктеу мен картографиялау принциптері мен әдістерін жетілдіру», (2010–2013 жж.). ҚР БҒМ жобасы.
Ғылыми жарияланымдары мен зияткерлік меншік
Есжанов Айдын Бауржанович — 1 патенттің және рейтингі жоғары шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда жарияланған 50-ге жуық ғылыми жарияланым мен еңбектің авторы.
Ғылыми бағыты: омыртқасыздар зоологиясы, арахнология, медициналық териология, медициналық энтомология, токсикология, эпизоотология, биологиялық бақылау және экология.
Ғылыми профильдері
ORCID | Scopus | WoS | Google Scholar