Сетчатқанатты жәндіктер бойынша маман, энтомолог ғалым Ji Shen Wang (PhD) ҚР Зоология институтында кездесу өткізді

Ғылыми семинар барысында Қытайдан келген әріптесіміз жәндіктердің бұл тобын зерттеудің заманауи әдістерімен, соның ішінде морфологиялық және молекулалық талдау тәсілдерімен таныстырып, сондай-ақ жүйелеу, классификация және биоэкологиялық зерттеулерге қатысты соңғы жаңалықтармен бөлісті. Әсіресе, он жылдан астам уақыт бойы жүргізілген жұмыс нәтижесіне үлкен назар аударылды, бұл жұмыста бірқатар жаңа жәндік түрлері сипатталып, олардың экологиялық маңызы анықталды.

Семинардағы презентация институт қызметкерлерінің үлкен қызығушылығын туғызды. Ji Shen Wang әріптестер қойған көптеген сұрақтарға жан-жақты жауап беріп қана қоймай, энтомологияда қолданылатын заманауи технологияларға (ДНҚ-баркодтау, жоғары ажыратымдылықтағы микроскопия және филогенетикалық ағаштарды құру үшін үлкен деректерді пайдалану) қатысты құнды ұсыныстар берді.

Баяндама аяқталған соң энтомология зертханасы қызметкерлерінің қатысуымен жемісті пікірталас өтті. Онда Зоология институты мен Қытайдың ғылыми мекемелері арасындағы болашақ ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, бірлескен экспедициялар жүргізу, тәжірибе алмасу және Азияның әртүрлі аймақтарында торқанатты жәндіктер фаунасына салыстырмалы талдау жасау жоспарлары сөз болды.

Іс-шара энтомология саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызын ерекше атап өтіп, ғылыми алмасу мен бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін айқындады. Доктор Ji Shen Wang-тың сапары түрлі елдердің ғалымдары арасындағы коллаборация ғылымды дамытуға және планетамыздың биоәртүрлілігі туралы білімді тереңдетуге қалай ықпал ететінінің жарқын мысалы болды.

29.01.2025

Әкімші