7 ақпанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Бәсекеге қабілетті экономика мен тұрақты дамудың негізі ретінде кадрлар даярлау: инновациялар, технологиялар және өнеркәсіппен ынтымақтастық» атты кеңейтілген алқа отырысында министр Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 17 жас қазақстандық ғалымға пәтер кілтіне сертификаттар табыстады.

Зоология институтының екі жас ғалымы да тұрғын үй сертификатын иеленді:
- Арғынбаева Еркежан Мұхтарқызы, гидробиология және экотоксикология зертханасының ғылыми қызметкері, докторант
- Хамчукова Анна Михайловна, биоценология және аңшылықтану орталығының ғылыми қызметкері, магистр
Мемлекет қолдауының арқасында әріптестеріміз өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартып, өмір сүру және жұмыс істеу үшін ыңғайлы ортаға ие болады, болашаққа сенімділікпен қарап, жаңа ғылыми идеяларды жүзеге асыруға көңіл бөлуге мүмкіндік алмақ. Осылайша олар қазақстандық зоология ғылымының одан әрі дамуына үлес қоспақ.
Министрлік жас ғалымдардың тұрғын үй мәселесін кезең-кезеңімен шешуде. Өткен жылы 25 жас ғалым пәтер сертификатына ие болған еді. Жас ғалымдарды қолдау — еліміздің кадрлық әлеуеті мен ғылыми әлеуетін сақтап, кеңейтудің маңызды қадамы!
Әріптестерімізді өмірлеріндегі маңызды әрі қуанышты оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз!
8.02.2025