Зоология институты ТЖЗБ жобасы шеңберінде мына бағытта жұмыстар жүргізуде: «Жануарлар мен адамға ортақ аурулардың пайда болуын болдырмау үшін ОАРЖҚ жүйелерін Орталық Азияда консолидциялау арқылы ландшафтарды зооноздарға төзімділігін арттыру — Біртұтас денсаулық сақтау табиғатты қорғауда»

Ветеринарлық-санитарлық жағдайды бағалаудың маңыздылығы — жануарлар мен адамға ортақ аурулардың (зооноздық инфекциялар) пайда болуын және таралуын болдырмау қажеттілігінен туындайды. Зооноз қоздырғыштарының табиғи тіршілік ортасы — жануарлар организмі, онда олар тұрады, көбейеді және қоршаған ортаға шығарылады. Қазіргі таңда табиғи жағдайда жануарлар мен адамға жұғатын 868 патогенді микроорганизм түрі анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бағалауы бойынша ғана қоңырқоя ауруынан жыл сайын шамамен 55 000 адам, негізінен балалар, қайтыс болады. Жыл сайын әлемде бруцеллездің 500 000-ға жуық жағдайы тіркеледі. Дегенмен, өзге де көптеген зооноздар қауіптілігі (құс және шошқа тұмауынан басқа) әлі де жеткілікті бағаланбай отыр. Соңғы 70 жылда жануарлардан адамға жұғатын инфекциялық аурулардың пайда болу қарқыны жеделдеді: бұл табиғи экожүйелерді ауылшаруашылық жерлерге айналдыру, урбанизация, биоалуантүрліліктің жоғалуы және климаттың өзгеруіне байланысты. Нәтижесінде жануарлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас кеңейіп, инфекциялардың пайда болу мүмкіндігі артты.

Қазіргі кезде зооноздар біздің елімізде де ауыр эпизоотиялық және эпидемиялық мәселе болып отыр. Қазақстанда 60-тан астам жануар инфекциясы тіркелсе, оның 18-і зооноздық. Елдің көптеген аймақтарында табиғи ошақтық (қоңырқоя), созылмалы және жедел инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, тұмау) жағдайы шиеленіскен. Шет елдерде таралған африка шошқа безгегі секілді аса қауіпті аурулардың әкеліну қаупі үнемі сақталады.

Зооноз инфекцияларының белсенділігі ауа-райына, күн белсенділігіне, маусымдық циклге, жануарлардың көбею кезеңіне, миграциясына және алдын алу шараларына байланысты өзгеріп тұрады. Кейбір инфекциялар «ұйқыға кетсе», басқа түрлері қарқынды түрде белсенді болады.

Адамдар ауру жануарлармен (немесе олардың труптарымен), ластанған орта нысандарымен, тұрмыстық заттармен, гризонттар жұқтырған өнімдермен, жануарлар мен қан сорғыш жәндіктердің шағуымен жұқтыруы мүмкін. Аурулар тасымалдаушылары ретінде жабайы, үй жануарлары (мысық, ит), ауыл шаруашылығы жануарлары (шошқа, ірі қара, ат), аңшылық жануарлар (түкті түлкі, нутрия), егеуқұйрықтар, тышқандар және т.б. қызмет етеді.

Аң шаруашылықтары ерекше қауіп аймағында орналасады, себебі онда адамдар, аңшылық иттер, жабайы және ауыл шаруашылығы жануарлары тікелей байланыста болады. Мысалы, Беларусьте аң шаруашылығы өнімін міндетті түрде ветеринарлық және радиологиялық бақылаудан өткізеді. Қазақстанда мұндай қатал бақылау жоқ, сондықтан жағдай күрделірек: кейде аңшылар аулаған аңдарының гельминттермен жұқтырғанын өздері анықтай алмай қалады. Сондықтан зооноздар мен олардың таралуына қарсы профилактикалық шараларды қатаң сақтау аса маңызды.

Осыған орай, ҚР ҒІМ ҚазҰУ «Зоология институты» РМҚК ТЖЗБ «Біртұтас денсаулық сақтау табиғатты қорғауда — Орталық Азияда ОАРЖҚ жүйелерін консолидциялау арқылы ландшафтарды зооноздарға төзімділігін арттыру» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Жобаның аясында зооноз аурулары қаупін азайтуға бағытталған шаралар кешені әзірленеді.

2025 жылғы мамыр-маусым айларында Териология лабораториясы мен Биоцено­логия және аң қорғау ғылыми-зерттеу орталығы мамандары Алматы филиалы «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, ТЖЗБ жобасы шеңберінде жабайы қысқа тұяқтыларды зооноз резервуарлары ретінде зерттеу жүргізді. Бірінші кезеңде Алматы облысында «Манул» және «Қаракастек» пилоттық аң шаруашылықтары анықталып, сонда ұстау алаңдары мен торлар қойылды.

К.Н. Плахов
04.07.2025

Әкімші