Қазақстан мектептерін Орта Азия тасбақасын қорғау қозғалысына қосылуға шақырамыз!

«Tasbaqa» табиғатты қорғау қоры және ҚР Зоология институты еліміздің жалпы білім беретін мектептерін ең шабыттандыратын әрі танымдық «Тасбақа бұрышы» жобасын жасауға арналған республикалық байқауға қатысуға шақырады!
Байқау 2025–2026 жылдарға арналған Орта Азия тасбақасын (Testudo horsfieldii) қорғауға бағытталған ұлттық білім беру науқаны аясында өткізіледі.
Байқау ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесе және ҚР ҒЖБМ ҒК Зоология институтының қолдауымен, сондай-ақ Crowder-Messersmith Conservation Fund of Nature Forward халықаралық қорының жәрдемімен өткізіледі. Байқаудың мақсаты — Орта Азия тасбақасын (Testudo horsfieldii) қорғау туралы хабардарлықты арттыру және оқушылар мен мұғалімдерді нақты табиғатты қорғау қызметіне тарту.
«Тасбақа бұрышы» байқауының мақсаттары мен міндеттері
- Оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру
- Қазақстан табиғатын қорғауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру
- Балалар, мұғалімдер мен ата-аналарды табиғатты қорғау ісіне тарту
- Мектеп экокеңістіктерін құрудың оң тәжірибесін тарату
«Тасбақа бұрышы» дегеніміз не?
«Тасбақа бұрышы» — мектептегі Орта Азия тасбақасының тіршілігіне, тіршілік ортасына және оны қорғауға арналған тұрақты немесе уақытша көрме. Онда келесілер ұсынылуы мүмкін:
- Оқушылардың суреттері, плакаттары және қолөнер бұйымдары
- Танымдық деректер мен карталар
- Шығармашылық әңгімелер, дәйексөздер немесе өлеңдер
- Фотосуреттер, ақпараттық материалдар немесе викториналар
- Қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар
Шығармашылық еркіндік беріңіздер! Барлық жастағы оқушыларды қатыстырып, бұл бұрышты үйрететін әрі шабыттандыратын орынға айналдырыңыздар.
Неліктен «Тасбақа бұрышы» байқауына қатысу керек?
Байқаудың мақсаты — Қазақстандағы Орта Азия тасбақасының жағдайы, оның экожүйелердегі рөлі мен бұл түрді сақтау қажеттілігі туралы оқушылардың хабардарлығын арттыру.
Байқау жеңімпаздарына төмендегідей сыйлықтар тапсырылады:
- Марапаттар мен сыйлықтар (1 орын – шағын проектор, 2 орын – колонкалар, 3 орын – шығармашылық жиынтықтар)
- @tasbaqa_kz Instagram парақшасында танылу
- Жеңімпаз мектептер екі оқушы мен бір мұғалімді 2026 жылғы 18 сәуірде Алматы облысына өтетін дала экскурсиясына жібере алады, ол табиғатқа Орта Азия тасбақаларын жіберуді қамтиды.***
- Байқауға қатысқан барлық мектептерге именной электронды сертификаттар табысталады
*** Қазақстанның басқа қалаларынан Алматы қаласына дейінгі жол шығындары қатысушылар есебінен өтеледі
Байқауға қатысу тәртібі:
- Мектептерде 1–11 сынып оқушылары мен мұғалімдердің қатысуымен «Тасбақа бұрышы» жасап шығыңыздар
- Экспозицияның кемінде 3 бұрышынан жоғары сапалы фотосуреттер түсіріңіздер
- Жобаның жасалу барысы мен мақсаттарын сипаттайтын қысқаша мәтін (250 сөзге дейін) дайындаңыздар. Қала, мектеп нөмірі, директор мен жетекші мұғалімдердің аты-жөні, байланыс телефоны және пошталық мекенжайды көрсетіңіздер
- Сипаттама мен фотоларды tasbaqa.contest2025@gmail.com электрондық поштасына 2026 жылғы 1 ақпанға дейін жіберіңіздер. Хат тақырыбында міндетті түрде: «Тасбақа бұрышы» байқауына қатысу өтінімі» деп көрсетіңіздер
- Instagram-да «Тасбақа бұрышы» туралы пост жариялап, Tasbaqa табиғатты қорғау қорын @tasbaqa_kz белгілеп, хэштег қойыңыздар: #tasbaqa_тасбақа_бұрышы
Маңызды күндер:
- Байқаудың басталуы: 2025 жылғы 1 қазан
- Өтінім қабылдаудың соңғы күні: 2026 жылғы 1 ақпан
- Жеңімпаздарды жариялау: 2026 жылғы 1 наурыз
- Дала экскурсиясы: 2026 жылғы 18 сәуір
Бағалау критерийлері:
- Білім беру құндылығы мен ақпараттың нақтылығы
- Оқушылардың қатысу деңгейі
- Креативтілік пен ерекшелік
- Қоғамға әсері мен көрнекілігі
«Тасбақа бұрышы» байқауына қатысыңыздар, табиғатты қорғаушылардың жаңа буынын бірге шабыттандырайық!
Юлия Цаугг, Tasbaqa табиғатты қорғау қорының негізін қалаушысы
«Тасбақа бұрышы» республикалық байқауы туралы толық ақпаратты мына жерден қараңыз:
