Зоология бойынша танымдық дәрісті Қазақстан Республикасы Зоология институты Орнитология және герпетология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Талғар қаласындағы мектепте өткізді.

2026 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Зоология институтының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Татьяна Николаевна Дуйсебаева Алматы облысы Талғар қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы № 6 орта мектептің 6–7-сынып оқушыларымен танымдық кездесу өткізді.
Татьяна Николаевна оқушыларға қазақстандық зоологтардың зерттеу бағыттары, экспедициялық жұмыстар, жануарлар дүниесін зерттеу және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін түрлерді сақтау жөнінде әңгімеледі.
Оқушылар жас ғалымдар Институттың ағартушылық кездесулеріне арнап арнайы түсірген зоологтардың жұмысы туралы фильмді тамашалап, тақырыптық викторинаға қатысты және өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Кездесу барысында мектепке Қазақстан жануарлары мен әлем фаунасы туралы Қазақстан Республикасы Зоология институты, Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК) және қазақстандық меценат Адам Капанов басып шығарған кітаптар, плакаттар мен буклеттер сыйға тартылды.
Кездесудің маңызды бөлігі табиғатты қорғауға қатысты заңнама мәселелеріне арналды. Мектептің «Заң және тәртіп» жобасы бойынша тәлімгері Зоряна Мирославовна Дикальчук оқушыларға Қазақстандағы табиғатты қорғаудың заңнамалық негіздері мен еліміз Конституциясының тиісті нормалары туралы түсіндірді.
Кездесу соңында мектеп директорының міндетін атқарушы Айдар Боранбекұлы Қоныратовпен және мектеп директорының орынбасарларымен алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
Осындай кездесулер оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға, оларды ғалымдардың жұмысымен таныстыруға және Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтауға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
21.10.2026 ж.