Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты Бижанова Назерке Әлімқызы 2019 жылы Rufford Small Grants ғылыми грантын жеңді. Бұл жоба Солтүстік Тянь-Шаньдағы Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) популяциясының жағдайын зерттеуге және осы сирек кездесетін жыртқышқа шектеуші әсер ететін факторларды анықтауға арналған. Бижанова Назерке осы сирек кездесетін мысықты зерттеу туралы инициатива бастап, зерттеу тобының жетекшісі ретінде басқарды.
Жұмыста дәстүрлі зоологиялық және қашықтықтан зерттеудің әдістері, атап айтқанда, фотоқақпандар қолданылды. Зерттеу үш ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілді: Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы және Көлсай Көлдері ұлттық табиғи паркі.
Жобаның аясында ғылыми-зерттеу тобы сілеусіннің мекендейтін жерлерінің деградациясы мен бөлінуі, браконьерлік, тағам нысандары санының азаюы сияқты негізгі қауіптерді ескере отырып, жоба аясында зерттеу тобы зерттеу жасап, зерттеу нәтижелерін қорғау стратегиясын жасау үшін; қорғалатын табиғи аумақтардың желілерін жақсарту және оларды басқарудың тиімділігін арттыру үшін; білім беру мақсатында және осы ірі жыртқыш мекендейтін жерлерде тұратын жергілікті тұрғындардың хабардарлығын арттыру үшін пайдаланылды.
Зерттеу тобы 7 зерттеушіден тұрады:
- Бижанова Назерке Әлімқызы – Зоология Институтының Териология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты және оқытушысы;
- Грачев Алексей Александрович – Зоология Институтының Териология бөлімінің меңгерушісі, «Wildlife Without Borders» қорының негізін қалаушысы;
- Грачев Юрий Александрович – Зоология Институтының Териология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты;
- Сапарбаев Салтөре Қыдырбайұлы – Зоология Институты Териология бөлімінің ғылыми қызметкері;
- Байдавлетов Ерлік Рыспекович – Зоология Институтының Териология бөлімінің аға ғылыми қызметкері;
- Беспалов Максим Владиславович – Зоология Институтының Териология бөлімінің аға лаборанты;
- Беспалов Сергей Владиславович – Зоология Институтының Териология бөлімінің аға лаборанты.