Өтетін уақыты: 2025 жылғы 3 – 4 сәуір
Өтетін орны: Алматы, Қазақстан

Конференцияның мақсаты: жасөспірімдердің биоәртүрлілікті сақтау, энергия мен суды үнемдеу мәселелерін шешуге белсенді қатысуын арттыру, біздің өңіріміздегі экологиялық проблемаларды шешуге инновациялық тәсілдер іздеу, зерттеу дағдыларын дамыту.
Конференцияның негізгі міндеттері:
- жасөспірімдердің экологиялық сауатын арттыру;
- мектеп оқушыларын қоршаған ортаның экологиялық жағдайын зерттеуге және табиғатты ұқыпты пайдалануға жұмылдыру;
- энергия мен суды үнемдеу проблемаларын өзектендіру;
- балалар мен жасөспірімдердің табиғатты қорғау қозғалысын қолдау және экологиялық тәрбие мен білім берудің тиімді үлгісі ретінде дамыту.
Конференцияны ұйымдастырушы:
Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «Оқушылар сарайының» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының экологиялық-биологиялық бөлімі, ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институтының» қолдауымен.
Конференцияға қатысушылар: 7-11-сынып оқушылары — жеке немесе зерттеу топтарының құрамында.
Конференцияның өткізу уақыты:
Конференция 2025 жылғы 3–4 сәуірде өтеді:
3 сәуір – орыс тілінде білім беретін мектептер үшін.
4 сәуір – қазақ тілінде білім беретін мектептер үшін.
Өтетін орны мен мекенжайы: Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК экологиялық-биологиялық бөлімі, Щепкин көшесі, 27, тел.: 309-75-99.
Конференцияның өткізу тәртібі мен шарттары:
Қатысуға өтінімдер 01.04.2025 жылға дейін қабылданады.
Өтінім үлгісі:
№ | Қатысушының тегі, аты | Туған күні | Сыныбы, мектебі | Жұмыстың атауы | Жұмыс жетекшісі, лауазымы, жұмыс орны | Байланыс телефондары |
Түпнұсқа өтінімде ұйым басшысының қолы мен мөрі болуы міндетті!
Конференцияда тек жобалық зерттеу жұмыстары қорғалады. Рефераттық сипаттағы жұмыстар қабылданбайды. Талаптарға сай келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.
Зерттеу жобасын қорғау уақыты – 7 минут, түрлі көрнекі материалдарды (макеттер, үлгілер, бейне және т.б.) пайдалана отырып.
Ұйымдастырушылар жоғарыда көрсетілген ережелер сақталмаса, кез келген жұмысты қабылдамауға немесе қабылданған жұмысты байқаудан шығарып тастауға құқылы.
Ұйымдастырушылар ұсынылған жобаларды және олардың үзінділерін есепті рәсімдеу кезінде, сондай-ақ әртүрлі тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу барысында пайдалануға құқылы.
Алдын ала сараптамаға жұмыстарды мына e–mail бойынша жіберу қажет: naturalist2011@mail.ru
Байқауға қатысу үшін келесі бағыттағы жұмыстар қабылданады:
А) жасыл қала – қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған технологиялар (1 қатысушы);
Б) болашаққа көзқарас – экологиялық білім беру жобалары, еріктілік жобалары, қоғамдық ұйымдардың қызметі (1 қатысушы);
В) инновациялық экологиялық бизнес-идеялар – тұрақты бизнес дамуына, экологиялық таза технологияларды енгізуге және өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар (1 қатысушы).
Г) жануарлар әлемі – зоология, омыртқалы және омыртқасыз жануарлар экологиясы, хайуанаттарды қолда өсіру және көбейтуге байланысты жобалар (2 қатысушыдан артық емес)
Бұл аталымды ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» жүргізеді.
Ғылыми жұмыстарды бағалау өлшемшарттары: мәселенің өзектілігі мен жаңалығы, зерттеулердің ауқымы мен деңгейі, қойылған міндеттердің орындалу нәтижелілігі, жұмыстың тәжірибелік маңызы, автордың жеке үлесі, сөйлей білу шеберлігі.
Жұмыс қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Жұмыстың көлемі 20 беттен аспауы тиіс. Беттер нөмірленіп, жиектері (поля) болуы қажет.
Әр жұмысқа жетекші пікірі мен маман рецензиясы қоса берілуі тиіс, онда таңдалған тақырыптың мақсатқа сәйкестігі, автордың жеке үлесі, жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі.
Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Жұмыста болуы керек:
– Титул беті;
– Мазмұны (бет нөмірлері көрсетілуі тиіс);
– Резюме (аннотация) – жұмыстың негізгі тұжырымдарының қысқаша мазмұны (жұмыс қай тілде жазылса, сол тілде);
– Кіріспе – жұмыстың өзектілігі және тақырыпты таңдауды негіздеу, мақсаты мен міндеттері, жұмыстың жүргізілген орны;
– Әдеби шолу – зерттеу проблемасы бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерге қысқаша талдау;
– Негізгі бөлім:
1. Материалдар мен әдістер;
2. Эксперименттік бөлім;
3. Жұмыс нәтижелері және оларды талдау;
– Қорытынды (қорытындылар, ұсыныстар);
– Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Титул бетте:
– жұмыстың орындалған ұйымының толық атауы;
– жұмыстың тақырыбы;
– байқау аталымы;
– орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі, ауданы);
– жұмыстың жетекшісі (Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі (бар болса), лауазымы, жұмыс орны);
– жұмысты орындау жылы көрсетілуі қажет.
Жұмыстың мәтіні компьютерде терілуі тиіс (Times New Roman шрифті, шрифт өлшемі 12-14 пункт, жоларалық интервал – 1,5, сол жақ жиек – 3 см, оң жақ жиек – 1,5 см, үстіңгі және астыңғы жиектер – 2,5 см, безендіруге арналған жиектер мен суреттерсіз).
Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.
Жеңімпаздар мен олардың жетекшілері дипломдармен марапатталады.
Марапаттау уақыты қосымша хабарланады!
«Ғылыми көктем» ғылыми-зерттеу жұмыстары мен экологиялық жобалар конференциясы
Ескерту: «Жануарлар әлемі» аталымына Алматы облысы мектептерінің оқушылары офлайн форматта қатыса алады.