Өткізу күні: 2025 жылғы 5–6 наурыз
Өткізу орны: Алматы, Қазақстан
Осы конференцияның мақсаты – Орталық Азияда адам мен жабайы жануарлар арасындағы қақтығыстарды шешу үшін тәжірибе және табысты тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ мәселені шешудің тиімді шараларын әзірлеу.
«Орталық Азиядағы адам мен жабайы жануарлар арасындағы қақтығыс» өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциясы Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК), Михаэль Зукков қоры және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Зоология институты тарапынан, Германияның Экономикалық даму және ынтымақтастық министрлігінің тапсырмасы бойынша Немістің халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) іске асыратын «Орталық Азиядағы климаттың өзгеруін ескере отырып, біріктірілген жер пайдалану» (ILUCA) өңірлік бағдарламасы аясында өткізіледі. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қолдайды.
Конференция 2025 жылдың 5–6 наурызында Алматы қаласында (Қазақстан) өтеді.
Мақсатты аудитория: ғалымдар, табиғат қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ қызметкерлері, ЕҚТА қызметкерлері, сондай-ақ Орталық Азияда ауыл шаруашылығы және табиғат пайдалану салаларында жұмыс істейтін мамандар.
Конференция бағыттары:
- «Адам – жабайы тұяқтылар» қақтығысы;
- «Адам – ірі жыртқыш сүтқоректілер» қақтығысы;
- Қақтығыстарды шешудің заңнамалық негіздері;
- Адам мен жабайы табиғат арасындағы қақтығыстарды реттеудің заманауи тәсілдері;
- Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілермен өзара іс-қимыл;
- ЕҚТА қызметкерлерінің жергілікті халықпен өзара әрекеттесуі арқылы адам мен жабайы табиғат арасындағы қақтығыстарды шешу
Конференцияға арналған тезистерді қабылдау жоғарыда аталған бағыттар бойынша жүргізіледі. Тезистер ағылшын немесе орыс тілдерінде дайындалуы және тезис атауын, авторлардың тегі мен инициалдарын, ұйым атауын қосқанда 500 сөзден аспауы керек. Ұйымдастырушы комиссия өтінішті қабылдамауға құқылы. Өтініштер 2025 жылғы 20 қаңтарға дейін rustam.murzakhanov@succow-stiftung.de поштасына PDF форматындағы тіркелген файл түрінде «Human-Wildlife Conflict» тақырыбымен қабылданады.
Тезистер қабылданған жағдайда, қатысушылар конференция барысында өз зерттеу жұмыстарын ұсыну мүмкіндігіне ие болады. Мақалаларды рәсімдеу бойынша ақпарат екінші ақпараттық хатта беріледі. Толық мақалалар конференция материалдарының жинағына енгізіледі.
Ұйымдастырушылар Орталық Азия елдерінен қатысатын шектеулі санды делегаттың жол және тұру шығындарын өтеуді қарастырады.
Конференцияның жұмыс тілі – орыс тілі. Ағылшын тілінде баяндамалар жасайтын қатысушылар үшін ілеспе аударма қамтамасыз етіледі.