CИТЕС дегеніміз не?

Егер сіз шетелге сапар шығатын болсаңыз, не көшіп келуді немесе шетелден үйге оралуды шешсеңіз және үй жануарларын әкелуді немесе алып кетуді қаласаңыз, не жануардан жасалған бұйым, жануарлардан жасалған косметика, тірі өсімдіктер коллекциясы, немесе жануарларды коммерциялық мақсатта әкелуді немесе алып кетуді қаласаңыз, сізге қажетті рұқсат құжаттамасын рәсімдеу қажет. Жануарлардың кейбір түрлеріне рұқсат беру құжаттамасына СИТЕС ережелерімен реттелетін құжаттар кіруі мүмкін.

CИТЕС – жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның қысқартылған атауы (ағылш. Convention on International Trade in Endangered Species of Wild Fauna and Flora, CITES кириллица транскрипциясында СИТЕС) – 1973 жылы Вашингтонда өткен Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қарарының нәтижесінде қол қойылған халықаралық үкіметтік келісім.
Конвенцияның мақсаты – жабайы табиғат пен өсімдіктердің халықаралық саудасы олардың өмір сүруіне қауіп төндірмейтініне көз жеткізу; келісім жануарлар мен өсімдіктердің 33000-нан астам түрі үшін әртүрлі қорғаныс дәрежелерін ұсынады.

1999 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы конвенцияға қосылды.

Жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелерді Қазақстан Республикасының орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1994 Қаулысының 3-тармағына сәйкес, құрып кету қаупі төнген жануарлар мен құстардың құрлықтағы түрлері мәселелері жөніндегі ғылыми ұйымның функцияларын орындау Қазақстан Республикасындағы Конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің “Зоология институты” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (ҚР ҒЖБМ ҒК “Зоология институты” ШЖҚ РМК) жүктелді.

Ғылыми органның негізгі міндеті СИТЕС ережелерінен, Конвенция Тараптары конференцияларының ұсынымдары мен қарарларынан, СИТЕС комитеттері мен Хатшылығының ұсынымдарынан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды ғылыми және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.

Өтінімді ресімдеу ережелерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://zool.kz/kz/galim-organ-sites/koldanu-erezheleri/

Әкімші