12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні!

Құрметті әріптестер мен достар, өмірін ғылымға арнаған баршаңызды кәсіби мереке – Ғылым күнімен құттықтаймыз!

Біздің елімізде бұл күн кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы 12 сәуірде қазақстандық танымал ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Оның сенімді серіктестерінің бірі – ҚазКСР Ғылым академиясының академигі Илларион Григорьевич Галузо, ол ширек ғасырдан астам уақыт (1951–1977) Қазақстанның Зоология институтын басқарған.

Зоолог-ғалымның еңбегі әрдайым оңай емес, алайда өте қызықты. Ғылым – өз ісіне шексіз берілген, шығармашылық ізденімпаздық пен жігерге толы энтузиастардың еңбегі, олар Қазақстанның жануарлар дүниесін зерттеуге және оның биоәртүрлілігін сақтауға баға жетпес үлес қосып келеді.

Мемлекет пен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауының арқасында, соңғы бірнеше жылда Зоология институты басшылығына бірнеше зертхананы қайта қалпына келтіруге және жаңаларын ашуға мүмкіндік туды, соның нәтижесінде ғылыми зерттеулерді қазіргі заманның жоғары деңгейінде жүргізу жолға қойылуда. Біртіндеп кадрлық әлеует жаңғыруда және бүгінде институттағы ғылыми қызметкерлердің тең жартысы – 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар.

Осы мерекелік күні біз қазақстандық ғалымдарға жаңа идеялар мен ғылыми жаңалықтар, тың тәсілдер мен шешімдер, сарқылмас жігер, зерттеу әдістерін жетілдіру, жұмыстан қанағат алу, шабыт және маңызы зор жетістіктер тілейміз!

Ғылым күні құтты болсын!

12.04.2025

Әкімші