2010 жылдан бастап жыл сайын әлемде Халықаралық киік күні аталып өтеді. Бұл мереке Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің бастамасымен пайда болған.

Әлемдегі киіктердің 98%-ы Қазақстанда мекендейді.
Бүгінде әлемде бар бес негізгі киік популяциясының үшеуі Қазақстанда
орналасқан:
- Бетпақдала популяциясы (Қазақстан),
- Орал популяциясы (Қазақстан, Ресей),
- Үстірт популяциясы (Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан).
2024 жылғы есеп бойынша, көктемгі төлдеу алдындағы киік саны – 2 833 600
басқа жетті.
2024 жылдың мамырында өткен төлдеуден кейін киіктердің саны 4,1 миллион
басқа дейін артты деген болжам бар. Салыстырмалы түрде айтқанда, Қазақ КСР
кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш — 1,2 миллион бас болған.
Айта кету керек, Қазақстандағы Зоология институтының ғалымдары
киіктер саны күрт төмендеген кезде алғашқы болып дабыл қаққан.
Кейіннен Қазақстанда табиғатты қорғауға бағытталған жүйелі мемлекеттік
саясаттың арқасында киіктердің санын қалпына келтіруде айтарлықтай
нәтижелерге қол жеткізіліп, бұл жануарды толық жойылып кетуден сақтап қалу мүмкін
болды.
2023 жылдың желтоқсан айында Табиғатты қорғаудың
халықаралық одағы (МСОП) киіктің халықаралық Қызыл тізімдегі мәртебесін «жойылу
қаупі төнген» санатынан «қауіп төнуі мүмкін» санатына
ауыстырды.
Бұл шешім Қазақстандағы дала бөкені – киіктердің санының күрт өсуінің
нәтижесінде қабылданды.
Еске сала кетсек, 2003 жылы олардың саны бар-жоғы 21 мың басқа дейін
азайған еді.
Зоология институтының қызметкерлері ондаған жылдар бойы киікті
жүйелі түрде зерттеумен айналысып келеді.
Олар жыл сайын әуе санағына қатысады, популяциялардың кеңістіктік құрылымы мен
демографиялық көрсеткіштерін зерттейді, сонымен қатар маусымдық көшу, төлдеу
және күйлеу кезеңдерінде бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Қазіргі уақытта териология зертханасының қызметкерлері
киіктің төлдеу орындарында жұмыс жүргізіп, өзге ұйымдар өкілдерімен бірге
есепке алу шараларына қатысып жатыр.
Фото авторы: Сапарбаев Салтөре
05.05.2025