Териология зертханасының ғылыми қызметкерлері: Грачев А.А., Сапарбаев С.Қ., Ташибаев Е.С., Беспалов М.В. және Беспалов С.В. Жетісу ӨТБ, «Охотзоопром» РМКҚ және АСБК қызметкерлерімен бірге екі күн бойы «Алтын-Емел» МҰТП аумағындағы тұяқты жануарларды санау жұмыстарын жүргізді. Санақ жануарларды көзбен шолып бақылау және олардың іздерін есепке алу әдістерімен атқарылды.
Сурет Сапарбаев С.Қ.
Ұлттық парктегі жыл сайынғы қысқы санақтың басты мақсаты – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген арқар, құлан және жейран популяцияларының санын түгендеу.
«Алтын-Емел» ұлттық паркінің аумағында санақ нәтижесінде:
- жейран – 5452 бас
- құлан – 3573 бас
- арқар – 186 бас
Сурет Сапарбаев С.Қ.
Қазіргі таңда «Алтын-Емел» МҰТП-де Қазақстандағы ең көп құлан популяциясы мекендейді. Экология министрлігінің мәліметіне сәйкес, тұяқты жануарлардың санын тұрақты түрде көбейту олардың тарихи мекендеу аймақтарына қайта қоныстандыруға мүмкіндік береді. Мысалы, 2024 жылы 87 құлан «Іле-Балқаш» (43 бас), «Алтын дала» (24 бас) резерваттарына және «Созақ» орман шаруашылығына (20 бас) көшірілді.
ҚР Зоология институтының қызметкерлері «Алтын-Емел» МҰТП-дегі қысқы санақта
Сурет Сапарбаев С.Қ.
14.02.2025