Лондон малакологиялық қоғамының жас ғалымдарға арналған грантын ҚР Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері Анель Ишаева жеңіп алды

«Turcomilax» туысының Тянь-Шаньның солтүстігі мен батысындағы таралуы және филогениясы (Distribution and Phylogeny of the Genus Turcomilax in the Northern and Western Tien Shan) атты грант тақырыбы көп жағынан Анельдің докторлық диссертациясының тақырыбымен үндес.

Turcomilax туысына жататын жалаңаш шырыштар тек Тянь-Шань және Гималай тауларында белгілі.

Жоба аясында Тянь-Шаньның әртүрлі өңірлерінен үлгілер жиналады. Шырыштардың ДНҚ үлгілері талданып, олардың морфологиялық деректерімен салыстырылады.

Зерттеудің негізгі сұрақтары – Тянь-Шань тауларында қанша туркомилакс түрі мекендейді, олар бұл тауларды қашан қоныстанған және оларға ең жақын туыс түрлерді қай жерден іздеу керек. Ұқсас организмдер тобына бағытталған мұндай зерттеу Тянь-Шань жануарлар әлемінің жалпы шығу тегін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, себебі қоныстану жолдары әртүрлі жануарлар үшін ортақ болуы ықтимал.

Жобаның тікелей ғылыми маңызынан бөлек, оның табиғатты қорғау тұрғысынан да үлкен рөлі бар, өйткені Turcomilax туысының екі түрі (түркістандық және Цветковтың шырыштары) Қазақстанның Қызыл кітабының соңғы (5-ші) басылымына енгізілген.

Ұтып алынған грант халықаралық малакологиялық ортадағы беделді марапат саналады, бұл Анель Ишаеваның ғылыми жұмысының жоғары деңгейін және болашақ зерттеулерді дұрыс жоспарлай білетінін растайды.

Лондондық малакологиялық қоғам – әлемдегі ең көне ұйымдардың бірі (1893 жылдан бері жұмыс істейді) және қазіргі таңда ұлуларға байланысты морфологтар, систематиктер, биогеографтар және басқа да алдыңғы қатарлы мамандарды біріктіреді.

Анельдің Лондондық малакологиялық қоғамның грантын иеленуі – оның жоспарланған зерттеу тақырыбының маңыздылығын мойындау және Зоология институтының жас ғалымдарының бастамасы мен қызығушылық танытуының дәлелі ретінде үлкен қуаныш тудырады. Тәжірибелі тәлімгер – зертхананың аға ғылыми қызметкері, б.ғ.к. И.О. Нехаевтің жетекшілігімен, институтымызда жоғары деңгейдегі жас мамандар қалыптасып, малакология бағыты қайта жаңғырады деп үміттенеміз.

11.03.2025

Әкімші