Saiga News-тің мерейтойлық, 30-шы нөмірі жарық көрді. Бұл – сирек кездесетін дала антилопасы Saiga tatarica-ны (МСОП Қызыл кітабына енгізілген) қорғауға және зерттеуге арналған халықаралық ақпараттық бюллетень. Журнал 2005 жылдан бері жылына екі рет алты тілде, соның ішінде қазақ және орыс тілдерінде шығады және сайға таралымы бар елдердегі (Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Қытай) табиғатты қорғау саласының өзекті тақырыптарын қамтиды.

Saiga News соңғы ғылыми зерттеулерді, далалық жұмыстарды, қорғау шараларын, халықаралық ынтымақтастықты, заңнамалық мәселелерді және экологиялық ағартуды қамтиды. Басылым Saiga Conservation Alliance (SCA) – Сайғақты қорғау жөніндегі халықаралық Альянстың қызметі аясында шығады.
Көп жылдар бойы журналдың редакциялық алқасында Қазақстан тарапынан Юрий Александрович Грачев (1939–2024), биология ғылымдарының кандидаты, ҚР Зоология институтының Териология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері болды. Өткен жылдан бастап оның редакциялық алқадағы эстафетасын биология ғылымдарының кандидаты, Зоология институтының бас директорының міндетін атқарушы Марина Александровна Чирикова қабылдап алды. Ағымдағы нөмірде М.А. Чирикованың Ю.А. Грачевтің рухына арналған мақаласы жарияланды.
30-шы нөмірдің негізгі тақырыптары:
- «Алтын Дала» атты қазақстандық бастама әлемдік The Earthshot Prize сыйлығына ие болды
- Сайғақ популяцияларының жағдайына шолу (Қазақстан, Моңғолия және Ресей)
- Сайғақтардың жыртқыштармен өзара байланысы және көпжылдық мониторинг нәтижелері туралы материалдар
- Жаңа ғылыми жарияланымдардың таңдауы
- Сайғақты қорғауға ғұмырын арнаған адамдар туралы очерктер және әріптестер туралы естеліктер
Saiga News журналын толық нұсқада Зоология институтының сайтынан көруге болады:
https://zool.kz/izdaniya-instituta/sovmestno-s-drugimi-organizacziyami/saiga-news/
09.04.2025