Экологиялық мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті

2019 жылы 19 желтоқсанда Қытайда Чунцин қаласында АӨСШК үкіметтік емес форумының (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары конференциясы) үшінші конференциясында экологиялық мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті, оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының бас директоры Р.Ященко қатысты .
Дөңгелек үстел бағдарламасына екі сессия кірді – 1-сессия: тұрақты даму саясаты мен шаралары және 2-сессия: тұрақты даму тәжірибелері мен мысалдары. Біздің бас директор Р. Ященконың баяндамасы Екінші сессияда «Қазақстанның биосфералық резерваттары тұрақты дамудың үлгісі ретінде» оқылды.
Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшісі, ШЫҰ Бас хатшысы және басқалар сөз сөйледі

Әкімші