Құрметті әріптестер мен достар, Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қолданыстағы Конституция 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды, бұл күн Қазақстандағы ұлттық мереке болып табылады.
Еліміздің Негізгі Заңында мемлекет дамуының басты қағидаттары мен басымдықтары– бірлік, келісім, тәуелсіздік, тұрақтылық, заңдылық және құқықтық тәртіп бекітілген.
Еліміздің Негізгі құжаты халықтың еркін, Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға деген ұмтылысын бейнелей отырып, ең жоғары құндылықтар – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екенін айқындайды.
Біздің ортақ парызымыз – осы құндылықтарды қорғау, ел тарихын жадымызда сақтау және оның заңдарын құрметтеу.
Барша Қазақстан азаматтарына бейбітшілік, жақсылық, амандық, біздің сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында келісім мен өзара түсіністікті тілейміз.
Әр күн жаңа жетістіктерге толы болсын, ал Конституциямыз әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, еліміздің жарқын болашағының сенімді кепілі болып қала берсін.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!