2026 жылғы 11–12 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім және ғылым: цифрландыру және жасанды интеллект жылы» атты кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шара ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өтті.

Жиынға 100-ден астам жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары, ғылыми ұйымдар мен сарапшылық қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ халықаралық серіктестер қатысты.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алқа отырысында ведомствоның 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 арналған міндеттерін таныстырып, білім беру мен ғылым саласындағы негізгі мәселелерге, сондай-ақ 2023–2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының іске асырылу барысына тоқталды.
Іс-шара саланың дамуын қорытындылау мен алдағы жылдарға арналған стратегиялық бағыттарды айқындаудың маңызды алаңына айналды.

ҒЖБМ алқа отырысына ҚР Зоология институтынан директордың ғылым жөніндегі орынбасары Марина Александровна Чирикова қатысты. 16 ақпанда өткен Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында Зоология институтының мамандары министрлік алқасында ұсынылған баяндамалардағы ақпаратпен, сондай-ақ институттың ғылыми-зерттеу қызметінде цифрлық жаңғырту жүргізу және цифрлық технологиялар мен ЖИ кеңінен қолдану жөніндегі тапсырмалармен таныстырылды.
17.02.2026