Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Зоология институты» ШЖҚ РМК бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Зоология институты» (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (Кәсіпорынның мекен-жайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 93).

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

– жануарлар түрлерінің биоалуантүрлілігін, олардың эволюциясы мен филогениясын зерделеу бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, жануарлар әлемінің заттардың табиғаттағы айналымындағы экологиялық рөлін, қоғамдағы халықтық-шаруашылық, әлеуметтік-эстетикалық мәнін анықтау, әртүрлі топтар популяциясының серпінін реттеудегі жануарлардың биоценотикалық мәнін және олардың өсімдіктер мен топырақ жабындысының жай-күйіне әсерін, табиғи және антропогендік факторлар түрлерінің санына, популяциялардың құрылымы мен олардың серпініне әсерін зерделеу;

– паразит пен иесінің қарым-қатынастарының құрылымдық-функционалдық аспектілерін зерделеу, гидробионттар популяциялары мен қоғамдастықтардың биотүрлілігін және жай-күйін, антропогендік экожүйелердегі зиянды омыртқасыздарды бақылаудың белсенді агенттерінің биотүрлілігін зерделеу, экожүйелердегі омыртқалылар мен омыртқасыздардың таксономиялық түрлілігін анықтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;

2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

3)  мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:

1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Өтінімдер 2026 жылдың 4 маусымынан 12 маусымына дейін қабылданады.

Байқау 2026 жылдың 16 маусымында өтеді.

Байқау туралы хабарландыру 2026 жылдың 3 маусымында QYZMET порталында жарияланды.

03.06.2026 ж.

Әкімші