Қазақстан Республикасы Зоология институтының Энтомология зертханасының аға ғылыми қызметкері Озерский П.В. «Биологиялық ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Павел Викторович – бунақденелілердің турақанаттылар отрядының экологиясы, биоалуантүрлілігі және биоакустикасы саласындағы маман. Оның ғылыми зерттеулері шегірткелер мен шырылдауық шегірткелердің экологиялық мамандануына, өзгергіштігіне, таралуына және акустикалық коммуникациясына, сондай-ақ экологияның жалпы мәселелеріне арналған.
📚 Павел Викторович – 90-нан астам ғылыми жарияланымның авторы, сондай-ақ жануарлар экологиясы бойынша оқу-әдістемелік құралдың авторларының бірі.
Ғылыми атақтың берілуі – ғалымның кәсіби жетістіктерінің және көпжылдық ғылыми еңбегіне лайықты мойындау.Павел Викторовичті қауымдастырылған профессор ғылыми атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа ғылыми жаңалықтар, табысты жобалар және биік белестер тілейміз!