Ақсу-Жабағылы (1926–2026) – табиғатты қорғау жолындағы жүз жыл!

Зоология институтының ғылыми қызметкерлері Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Ақсу-Жабағылы (1926–2026) – табиғатты қорғау жолындағы жүз жыл!

Салтанатты іс-шарада Зоология институтының Бас директоры А.Б. Есжанов сөз сөйлеп, қорық ұжымын мерейтойымен құттықтады және фототұзақтар табыстады.

Есжанов А.Б.

Әріптестерін ғасырлық мерейтойымен құттықтау үшін Ковшарь А.Ф., Есенбекова П.А., Грачев А.А., Титов С.В., Чаликова Е.С. және Байдәулетов Е.Р. арнайы ат басын бұрды.

Ақсу-Жабағылы – Қазақстандағы тұңғыш қорық қана емес, сонымен қатар жануарлар дүниесін ұзақ жылдар бойы зерттеу мен бақылау жүргізілетін маңызды ғылыми алаңға айналған бірегей табиғи аумақ.

Қорықтың ғасырлық тарихы – биоалуантүрлілікті сақтаудың, ғылыми жаңалықтардың және табиғатты зерттеу мен қорғауға ғұмырын арнаған бірнеше буын мамандарының еңбегінің тарихы.

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының ұжымына жаңа ғылыми жаңалықтар, зерттеу жұмыстарына толағай табыс және Қазақстанның бірегей табиғи мұрасын сақтауда толымды жетістіктер тілейміз!

Ғасырлық мерейтойыңыз құтты болсын, Ақсу-Жабағылы!

22.09.2026 ж.

Фото: Ақсу-Жабағылы

Әкімші