Зоология институтында Батыс Тянь-Шаньның биоалуантүрлілігіне арналған халықаралық ғылыми конференция өтті

2026 жылғы 11–12 қарашада Зоология институтында Ақсу-Жабағылы қорығының 100 жылдық мерейтойына арналған «Батыс Тянь-Шаньның биоалуантүрлілігін сақтаудың қазіргі жағдайы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Ақсу-Жабағылы қорығының 100 жылдық мерейтойына арналған «Батыс Тянь-Шаньның биоалуантүрлілігін сақтаудың қазіргі жағдайы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми конференция. 2026 жылғы 11–12 қараша
«Батыс Тянь-Шаньның биоалуантүрлілігін сақтаудың қазіргі жағдайы мен болашағы» халықаралық конференциясының қатысушылары, 2026 ж.

Конференция Батыс Тянь-Шаньның табиғи мұрасын зерттеу мен сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан, Ресей және Қытайдың ғылыми ұйымдары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ғалымдарын, зерттеушілері мен мамандарын біріктірді. Екі күнге созылған конференция жұмысына офлайн және онлайн форматта 90-нан астам адам қатысты.

2026 жылғы 11–12 қарашада Зоология институтында Ақсу-Жабағылы қорығының 100 жылдық мерейтойына арналған «Батыс Тянь-Шаньның биоалуантүрлілігін сақтаудың қазіргі жағдайы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференцияға қатысушылар өңірдің фаунасы мен флорасының қазіргі жағдайы, жануарлар дүниесіндегі өзгерістер серпіні, климаттық және антропогендік факторлардың экожүйелерге әсері, сирек кездесетін және эндемик түрлердің жай-күйі, сондай-ақ таулы аймақтардың табиғи алуантүрлілігін сақтау перспективалары мәселелеріне баса назар аударды.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Зоология институты, Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Ботаника және фитоинтродукция институты, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Қазақстандық ұлттық комитеті (МАБ).

Ғылыми бағдарлама аясында орнитология, териология, энтомология, герпетология, ихтиология, ботаника және басқа да зерттеу бағыттары бойынша баяндамалар тыңдалды. Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтарының, сондай-ақ басқа да табиғи аумақтардың биоалуантүрлілігін зерттеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

2026 жылғы 11–12 қарашада ҚР Зоология институтында Ақсу-Жабағылы қорығының 100 жылдық мерейтойына арналған «Батыс Тянь-Шаньның биоалуантүрлілігін сақтаудың қазіргі жағдайы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференция аясында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы биоалуантүрлілік мониторингі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда тәжірибе алмасу, бақылау әдістерін біріздендіру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ғылыми ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды.

Конференцияның қорытынды бөлімінде қатысушылар қарар жобасын талқылап, ғылыми зерттеулерді дамытуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және биоалуантүрлілікті сақтау тәсілдерін жетілдіруге бағытталған пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Ақсу-Жабағылы қорығының 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияның қатысушылары, 2026 жылғы қараша

Конференцияның мәдени бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы Ботаникалық баққа және Ботаника және фитоинтродукция институтының тұқым банкіне (тұқым қорына) экскурсия ұйымдастырылды.

Зоология институтының халықаралық конференциясының мәдени бағдарламасы аясында Ботаникалық баққа және Ботаника және фитоинтродукция институтының тұқым банкіне экскурсия ұйымдастырылды

Конференция Батыс Тянь-Шаньның және басқа да өңірлердің бірегей табиғи экожүйелерін зерттеу мен сақтауға атсалысып жүрген мамандардың күш-жігерін біріктіріп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.

Конференция қорытындысы бойынша ғылыми материалдар жинағы жарық көріп, Зоология институтының ресми сайтына орналастырылады.

Конференцияны өткізу 10 қарашада атап өтілетін Бейбітшілік пен даму жолындағы дүниежүзілік ғылым күніне орайластырылды. Батыс Тянь-Шань – 2016 жылғы 17 шілдеде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген трансшекаралық табиғи нысан.

Конференцияның барлық қатысушыларына белсенділік танытқандары, мазмұнды баяндамалары, нәтижелі пікірталастары және табиғи экожүйелердің биоалуантүрлілігін сақтау жолындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз.

12.11.2026 ж.

Әкімші