Зоология институтында ветеринария ғылымдарының кандидаты, биология профессоры, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Зоология институтының паразитология зертханасының бас ғылыми қызметкері Маратбек Жақсыбекұлы Сүлейменовтің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерейтойлық іс-шара Қазақстанның ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдерін, ғалымның әріптестері мен пікірлестерін біріктірді.

Салтанатты жағдайда Зоология институтының бас директоры Айдын Бауыржанұлы Есжанов мерейтой иесіне марапаттар мен ерекшелік белгілерін табыстады:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қаныш Сәтбаев» медалін;
- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Құрметті профессоры дипломын, куәлігін және төсбелгісін;
- ғылымды дамытуға, ғылыми кадрларды даярлауға және ғылыми әлеуетті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған мерейтойлық медалін;
- «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне 60 жыл» мерейтойлық медалін.

Зоология институтының ғылыми хатшысы Гүлжанат Бақытқызы Танабекова Қазақстанның және шетелдің ғылыми және білім беру ұйымдарынан келіп түскен құттықтау хаттарын оқып берді. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ аграрлық ғылымдар академиясы, Шихэцзы университеті (ҚХР), Генетика және физиология институты, Шәкәрім университеті, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Торайғыров университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және басқа да ұйымдар бар.
Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Марина Александровна Чирикова Қазақстандағы паразитологиялық зерттеулердің қалыптасу және даму тарихы туралы баяндап, Зоология институтының осы бағыттағы ғылыми қызметіне ерекше тоқталды.

Маратбек Жақсыбекұлын мерейтойымен арнайы құттықтауға Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтынан, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінен, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен, Қызылорда обаға қарсы күрес станциясынан және Зоология институтынан әріптестері келді.
Маратбек Жақсыбекұлы өмірінің 45 жылдан астам уақытын ғылыми қызметке, жануарлардың паразитофаунасын зерттеуге, ветеринариялық паразитологияның өзекті мәселелерін шешуге және ғылыми кадрларды даярлауға арнады.
Көптеген құттықтаулар мен марапаттар, ғылыми қауымдастықтың ерекше ықыласы – ғалымның кәсіби беделінің жоғары екендігінің, көпжылдық еңбегі мен отандық ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесінің мойындалуының айғағы.
Мерейтойлық кездесу еңбегі сіңген ғалымға құрмет пен ризашылық білдірумен қатар, отандық паразитологияның тарихына ой жүгіртуге, оның ғылыми дәстүрлері мен зерттеушілер ұрпақтары арасындағы сабақтастықтың маңызын атап өтуге мүмкіндік берді.
Зоология институтының ұжымы Маратбек Жақсыбекұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, амандық, сарқылмас күш-қуат, жаңа ғылыми жетістіктер және ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етуін тілейді!
27.11.2026