Өткізу күні: 03 сәуір 2026 ж.
Өткізу орны: Басши ауылы, Жетісу облысы, Қазақстан Республикасы

Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2026 жылы 03 сәуірде өтетін «Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» 30 жылдығына арналған «ТАБИҒИ КЕШЕНДЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНДЫҒЫН САҚТАУ ЖОЛДАРЫ» атты Қазақстан аумағында биоалуандықты сақтау мәселелерін қамтуға бағытталған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның ұйымдастырушысы – «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Қосымша ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Зоология институты және Ботаника және фитоинтродукция институты.
Конференция мақсаты – биологиялық алуандықты зерттеу, қорғау және сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау; табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану; мониторингтің заманауи әдістерін қолдану; табиғи кешендердің жағдайы мен өзгерістерін бағалау және қорытындылау; табиғи кешендерге антропогендік факторлардың әсерін зерттеу мәселелері.
Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс ұйымдастыруды жоспарлап отыр:
1) Биология ғылымдары (ӘОЖ 57);
2) Флора мен өсімдік ресурстарының биологиялық алуандығы (ӘОЖ 58, 63);
3) Жануарлар дүниесін қорғау және көбейту (ӘОЖ 59);
4) Геология және геофизика ғылымдары (ӘОЖ 55);
5) Қазақстан аумағындағы табиғатты пайдаланудың өзекті мәселелері (ӘОЖ 502/504);
6) География. Биогеография. Тарих. (ӘОЖ 9).
Конференция форматы: гибридті форма (офлайн және онлайн). Онлайн конференция ZOOM және МҰТП -ң ресми https://altynemel-park.kz/ сайтында жарияланады.
Ақпарат беру тілдері – орыс, қазақ.
Конференцияға қатысушылар 2026 жылдың 25 ақпанына дейін жинаққа жариялау материалдары мен өтінімді altynemel_nauka@mail.ru электрондық поштасына, doc форматындағы файл ретінде жіберулері қажет. Конференция материалдарын қамтитын файлдың атауы автор(лар)дың тегіне сәйкес келуі және латын әріптерімен жазылуы тиіс.
Материалдардың электронды нұсқасында екі файл болуы керек:
1-файл: Аты: ТЕГІ ӨТІНІМ.doc
2-файл: Аты: ТЕГІ МАҚАЛА.doc
Жинақтағы мақалаларды жариялау тегін. Басылымдардың көлемі 3 беттен кем болмауы керек. Конференция материалдары ISBN берілген жинақта жарияланады және «Алтын-Емел МҰТП» сайтында орналастырылады: https://altynemel-park.kz/
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 041103, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылы., Маметова көш. 2, «Алтын-Емел МҰТП» РММ Ғылыми ақпараттық және мониторинг бөлімі.
Байланыс телефон: +7 7471317816
e-mail: altynemel_nauka@mail.ru
Конференция Ұйымдастыру комитеті төрағасы: Байтурбаев Куат Нурахимұлы, «Алтын-Емел МҰТП» РММ бас директоры.
Конференция Ұйымдастыру комитеті жауапты хатшысы: Мусабеков Марғұлан Тлеубалдыұлы, «Алтын-Емел МҰТП» РММ Ғылыми ақпараттық және мониторинг бөлімінің басшысы
Байланыстың қолайлы түрі электрондық пошта арқылы.
Қосымша ақпарат:
Қатысушылардың жол жүруі мен орналасуы жіберуші тарап есебінен.
Қатысуға шақырулар «Қатысушыны тіркеу нысанында» көрсетілген электрондық пошта мекенжайларына жіберіледі. Конференция Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.
Маңызды күндер:
25 ақпан 2026 жыл – материалдарды жариялауға қабылдаудың соңғы мерзімі.
13 наурыз 2026 жыл – ғылыми баяндамаларды жалпы отырыс бағдарламасына енгізу туралы шешім.
03 сәуір 2026 жыл – конференция жұмысы.
Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын толық талаптар мен рәсімдеу үлгісі Информациялық хатта берілген.
Бұл
ақпаратты әріптестеріңізбен бөліссеңіз, ризашылық білдіреміз!
