«500 ҒАЛЫМ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Танабекова Гүлжанат Бақытқызы – Зоология институтының аға ғылыми қызметкері және ғылыми хатшысы, «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурста жеңімпаз атанып, 2025 жылғы 5 қаңтардан 27 желтоқсан аралығында Дебрецен университетінің ботаника кафедрасының эволюциялық геномика бойынша ғылыми-зерттеу тобында (Дебрецен, Венгрия) тағылымдамадан өтуге бірегей мүмкіндік алды. 

Ғылыми тағылымдаманың негізгі мақсаты энтомологиялық материалды өңдеудің қазіргі әдістерін әзірлеу бойынша зертханалық жұмыс және заманауи технологиялар мен жоғары өнімді жабдықты пайдалана отырып, жәндіктерге биоақпараттық талдау жасау болады.

Шетелдік тағылымдамалар жаңа байланыстарды орнатуға, ынтымақтастықты дамытуға және әртүрлі елдердің ғалымдары арасында тәжірибе алмасуға ықпал етеді. Олар тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдарға жаңа білім, дағдылар мен тәжірибе алуға, әлемнің үздік ғылыми зертханаларында және университеттерде өз зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді.

Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

Әкімші