Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері ҚР Зоология институтында практикадан өтуде

Зоология институты жыл сайын алматылық ЖОО студенттеріне практика ұйымдастырады. Биыл бізге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география факультетінің биология кафедрасының бакалавр студенттері келді.

Териология бойынша сабақты териология зертханасының кіші ғылыми қызметкері Эльза Артемқызы Лаубертс жүргізді.

Студенттер териологияның не екенін, оның қандай міндеттерді шешетінін, осы сала мамандары немен айналысатынын, Қазақстандағы териологиялық ғылымның даму тарихымен, белгілі ғалымдармен, ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен және 1944 жылы құрылған институттың ең көне зертханаларының бірі жеткен жетістіктерімен танысты.

Зертхананың маңызды бағыттарының бірі – қар барысы, жейран, арқар, тоғайлық бұғы, құлан және басқа да сирек кездесетін сүтқоректілерді зерттеу және қорғау шараларына қатысу.

Қазақстан аумағында шамамен 180 сүтқоректі түрі мекендейді, олардың 45 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының 5-ші басылымына енгізілген!

Зертхана жанынан қар барысының мониторингі бойынша ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді, ол жыртқыштың санын көбейту және тіршілік ету ортасын сақтау бағытында қызмет атқарады.

Соңғы жылдары териологиялық зерттеулерде қашықтан зерттеу жүргізудің заманауи әдістері – фототұзақтар, спутниктік телеметрия, ұшқышсыз ұшу аппараттары және т.б. кеңінен қолданылады. Соның арқасында ғалымдар Қызыл кітапқа енгізілген қар барысы, түркестандық сілеусін, манул сияқты сирек жануарлар туралы деректерді тұрақты түрде алып отырады. Өткен жылы Yandex Qazaqstan нейронды желісі арқылы қар барыстарын сәйкестендіру мүмкіндігі пайда болды.

Зертханада өзіне тиесілі коллекция да бар, сондықтан студенттер ондағы кейбір үлгілермен тәжірибе жүзінде танысып, әртүрлі сүтқоректілердің бас сүйектерін қолмен ұстап, салыстыра алды.

Мұндай практикалық сабақтар әрдайым тек танымдық әрі қызықты ғана емес, сонымен қатар болашақ мамандардың өз мамандануын таңдап, ғылыми қызметпен және зерттеу институттарымен жақынырақ танысуына өте маңызды.

21.02.2025

Әкімші