Фильм Қазақстанда жойылып кету қаупі бар Орталық Азия тасбақасын сақтау бойынша жүргізіліп жатқан қордың жұмыстары туралы баяндайды.

Алматы, 2026 жылғы 24 қыргүйекте SMART SPACE кеңістігінде (Байзақов көшесі, 280) TASBAQA қорының Қазақстандағы Орталық Азия тасбақасын қорғау және оның популяциясын қалпына келтіру қызметіне арналған «Тасбақаны құтқару» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.
Орталық Азия тасбақасы – мыңдаған жылдар бойғы климаттық және табиғи өзгерістерден аман өткенімен, бүгінде тіршілік ету ортасының бұзылуы мен адам әрекетінің салдарынан жойылып кету алдында тұрған бірегей түр. Фильм TASBAQA қорының ұжымы осы күрделі жағдайды өзгерту бағытында қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.
Фильмнің режиссері – Тамир Сембеков, продюсері – Альфия Капанова. Картинаны «БиорАлем» және «АлемВет» компанияларының қолдауымен «АлемФлора» өндірістік компаниясы түсірді.
Фильм мен қордың ғылыми кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Зоология институты.
Фильм идеясының авторы: Адам Адамбекұлы Қапанов – жазушы, журналист, режиссер, меценат, биология ғылымдарының кандидаты, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» халықаралық бағдарламасы Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі.
«Біз абстрактілі экологиялық мәселені емес, нақты бір түрдің – көз алдымызда жойылып кетуі мүмкін жануардың шынайы оқиғасын көрсеткіміз келді. Егер көрсетілімнен кейін көрермен көбірек білгісі келсе немесе қол ұшын созуға ниет білдірсе – біз үшін ең басты нәтиже осы болмақ», – деп атап өтті TASBAQA қорының негізін қалаушы Юлия Цаугг.
Көрсетілім премьера форматында өтеді: бағдарламада фильм авторларының алғы сөзі мен фильмнен кейінгі пікірталас қарастырылған. Шараға қор өкілдері, жоба серіктестері, БАҚ өкілдері және арнайы шақырылған қонақтар қатысады деп күтілуде.
TASBAQA қоры туралы
TASBAQA – Қазақстандағы дәл осы Орталық Азия тасбақасын сақтаумен: оларды зерттеумен, тіршілік ету ортасын қорғаумен және ағартушылық жұмыстармен айналысатын жалғыз қор. Негізін 2023 жылы Юлия Цаугг қалаған.
Серіктестер туралы
«АлемВет» – нарықта 25 жылдық тарихы бар, Қазақстандағы ветеринариялық препараттарды көтерме сату саласының көшбасшысы. Компания MSD Animal Health, Beaphar және өзге де ғаламдық өндірушілердің ресми дистрибьюторы болып табылады және өнеркәсіптік мал шаруашылығына маманданған.
«БиорАлем» – «АлемВет» компаниясының үй жануарларының денсаулығына бағытталған еншілес кәсіпорыны. Компания үлесіне ветеринариялық вакциналар мен препараттардың көтерме саудасының 70%-ға жуығы тиесілі.
Екі компания да күнделікті үй жануарларынан бастап өнеркәсіптік мал шаруашылығына дейін – Қазақстандағы жануарлардың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс істейді. «Тасбақаны құтқару» фильмінің көрсетіліміне қолдау білдіру – компаниялардың Қазақстандағы әлеуметтік бастамаларының заңды жалғасы болды.
Қазақстан Республикасы Зоология институты – елдегі зоологиялық зерттеулер саласындағы жетекші ғылыми мекеме, ол Орталық Азия тасбақасын бірнеше онжылдық бойы зерттеп келеді. Институт мамандары фильм мен TASBAQA қорының ғылыми кеңесшілері болды.
Премьера — қазақстандық жаңа деректі фильмді тамашалап қана қоймай, Орта Азия тасбақасының қазіргі жағдайы, оны сақтаудың маңызы және осы түрді қорғауға әр адамның қандай үлес қоса алатыны туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

БАҚ өкілдеріне арналған ақпарат:
Күні: 2026 жылғы 24 қыркүйек
Өтетін орны: SMART SPACE, Байзақов к-сі, 280, сағат 16:00
Журналистерді аккредитациядан өткізу шарасы: 21 қыркүйекке дейін төмендегі байланыс телефондары арқылы жүргізіледі.
Сұраныс бойынша трейлер, стоп-кадрлар, режиссермен, продюсермен және қор өкілдерімен сұхбат ұсынылады.
БАҚ үшін байланыс:
Альфия Капанова, продюсер +7 775 517 81 54, alfiyakapanova@gmail.com, @zoo.most