23.11.2023 жылы Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасында «БҰҰ ТДМ-мен өзара байланыста Еуропалық құқық нормаларының шарттық жауапкершілік туралы жекелеген ережелерін имплементациялау» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Баяндамашы ретінде Ильина Виктория Олеговна, ЮНЕСКО-ның «Адам және Биосфера» бағдарламасының Қазақстандық ұлттық комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ХҚКО ҒК ШЖҚ РМК «Зоология институты» бас сарапшысы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс докторанты сөз сөйледі. Ғылыми семинардың модераторы Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Сулейменова Сауле Жүсупбековна жүргізді.
Ғылыми семинар барысында БҰҰ ТДМ-нің Қазақстан Республикасындағы құқық қолдану практикасын жетілдірудің өзекті үрдістерімен өзара байланысы қарастырылды. Ағылшын және еуропалық құқықтың кейбір тетіктерін Қазақстан Республикасының ұлттық құқығына олардың тарихи мен практикалық қажеттілігі тұрғысынан имплементациялау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Пікірталас және пікір алмасу барысында ғылыми семинарға қатысушылар қолданыстағы құқықтық институттарды қолдану тетіктерін жақсартуға бағытталған ұсыныстарды кейіннен тұжырымдау мақсатында құқық қолдану тәжірибесі мен құқық шығармашылық процесін мұқият және толық талдау қажеттігі туралы пікір білдірді.
Бұдан басқа, кездесудің негізгі нәтижелерінің бірі ғылыми жобалар конкурстарына қатысу үшін бірлескен өтінімдер беруді және өзге зерттеулерді қаржыландыруды талқылау мүмкіндігі болды. Атап айтқанда, жойылып кету қаупі төнген СИТЕС (ағылш. Convention on International Trade in Endangered Species of Wild Fauna and Flora, CITES) жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы мәселелері бойынша құқық қолдану практикасының жеке мәселелері ерекше назар аударуға тұрарлық. СИТЕС құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция 1973 жылы Вашингтонда Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қарары нәтижесінде қол қойылған халықаралық үкіметтік келісім).
Осылайша, кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу үшін басым тақырыптар айқындалып, ҚР ДСМ «Зоология институты» ҚН ШЖҚ РМК мен Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланған.