Бекжан Бердікұлов Лунд университетіндегі «Жануарлар миграциясының экологиясы» курсынан білім алды

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 50 жас зерттеуші докторанттар мен PhD үшін әзірленген «Жануарлар миграциясының экологиясы» курсын тыңдау үшін Швециядағы Лунд университетінде бас қосты.

Общее фото участников курса «Экология миграции животных», Лундский университет, Швеция
«Жануарлар миграциясының экологиясы» курсының қатысушылары. Швеция.

Оқытуға Қазақстан Республикасы Зоология институты атынан Орнитология және герпетология зертханасының міндетін атқарушы меңгерушісі Бекжан Бердікұлов қатысты.

Екі апта бойы жас ғалымдар жануарлар миграциясын зерттеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдерін меңгерді: зертханалық эксперименттерден бастап жабайы жануарлардың алыс қашықтыққа қоныс аударуын бақылауға дейін. Курс жануарлар миграциясының эволюциялық және экологиялық тұжырымдамаларын қамтып, су экожүйелеріндегі және құрлықтағы әртүрлі тіршілік иелерінің көшу ерекшеліктерін қарастырды.

Оқыту бағдарламасына лекциялар ғана емес, сонымен бірге қатысушылар өз ұйымдарының ғылыми нәтижелерін және миграция тақырыбындағы жеке зерттеулерін таныстырған ғылыми конференция да кірді.

Выступление Бердикулова Бекжана Талгатовича на учебной конференции курса по экологии минраций животных
Бердікұлов Бекжанның қоныс аударатын құстарды белгілеу әдістері жөніндегі баяндамасы

Бекжан Талғатұлы өз баяндамасында Қазақстанда құстардың миграциясын бақылауда қолданылатын әртүрлі белгілеу әдістері туралы айтты. Солардың бірі – сақиналау. Мәселен, 1966 жылдан бері Зоология институтының орнитолог мамандары 2,5 миллионнан астам құсты сақиналаған. Қайтарылған сақиналардан алынған деректер миграциялық карталар жасауға және модельдеуге пайдаланылады.

Швецияда бірнеше құс сақиналау орталығы бар, курс қатысушыларына Фальстербо түбегінде орналасқан орнитологиялық станцияға экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия на полуостров Фальстербо - в центр кольцевания птиц
Фальстербо түбегі — орнитологиялық станция

Қазіргі технологиялардың арқасында миграцияны тек ірі жануарларда ғана емес, қосмекенділерде, балықтарда және тіпті жәндіктерде де бақылауға болады!

Мысалы, жәндіктер үшін арнайы нанобелгілер, ал балықтар үшін акустикалық немесе радиобелгілер қолданылады. Олар жануарларға бекітіліп, қабылдағыш желілері немесе суасты гидрофондары арқылы ұсталып отыратын сигналдар жібереді. Бұл деректер түрлерді қорғау, қозғалыс заңдылықтарын анықтау, тіршілік ортасын пайдалану ерекшеліктерін және миграциялық дәліздерді анықтау үшін маңызды.

Бердікұлов Б.Т.-ның осы іс-шараға қатысуының нәтижесінде Зоология институты мен Лунд университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге келінді. Меморандум 2026 жылдың басында дайындалып, қол қойылады деп жоспарлануда.

06.12.2025
Фото: Бердікұлов Бекжан Талғатұлы

Әкімші