Бердікұлов Бекжан Талғатұлы, Қазақстан Республикасы Зоология институтының орнитология және герпетология зертханасының меңгерушісі міндетін атқарушы, философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.

Диссертация тақырыбы: «Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы көгершінтәрізділердің (Aves, Columbiformes) ұя салу биологиясы мен маусымдық миграцияларының ерекшеліктерін зерттеу», «8D05101 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша. Диссертация Қазақстан Республикасы Зоология институтының орнитология және герпетология зертханасында орындалды.
Диссертация қорғауы 25 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) өтті. Бердікұлов Б.Т.-ның жұмысы диссертациялық кеңес мүшелерінен жоғары баға алып, олар алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығын және Қазақстанның орнитологиялық зерттеулері мен биоалуантүрлілікті сақтау үшін маңыздылығын атап өтті.
Ғылыми жетекшілер:
Гаврилов Андрей Эдуардович – биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Зоология институты орнитология және герпетология зертханасы жанындағы Құстарды сақиналау орталығының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
Сонг Ганг – PhD, Қытай ғылым академиясының Зоология институтының қауымдастырылған профессоры (Бейжің қ., Қытай).
Ресми рецензенттер:
1. Есембекова Гүлжан Нұрлыбекқызы – PhD, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ Ветеринариялық санитария кафедрасының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 6D120200 – Ветеринариялық санитария;
2. Қарагойшин Жасхайыр Мұханғалиевич – биология ғылымдарының кандидаты, «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ физикалық және экономикалық география кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.08 – Зоология.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Чернецов Никита Северович – биология ғылымдарының докторы, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің зоология кафедрасының профессоры, Ресей ғылым академиясының Зоологиялық институтының директоры (Санкт-Петербург қ., РФ).
2. Ахмедсадыков Нұрлан Нұрұлдинұлы – ветеринария ғылымдарының докторы, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ профессоры, «Антиген» ҒӨК» ЖШС Бас директоры (Алматы қ., Қазақстан).
3. Wieland Heim – PhD, Ольденбург университетінің профессоры (Ольденбург қ., Германия).
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Зоология институтының ұжымы Бердікұлов Бекжан Талғатұлын ғылыми қызметіндегі осы маңызды кезеңімен шын жүректен құттықтап, кәсіби табыс, жаңа ғылыми жаңалықтар, қызықты далалық зерттеулер және отандық ғылым игілігі жолындағы жемісті еңбек тілейді!
27.12.2025