Бүгін Қазақстанның белгілі орнитологы, биология ғылымдарының кандидаты, Зоология институтының орнитология және герпетология зертханасының аға ғылыми қызметкері Елена Сергеевна Чаликова 70 жас мерейтойын атап өтуде.

Елена Сергеевнаның Ақсу-Жабағылы қорығында орнитофауна зерттеумен айналысқанына 30 жылдан асты. Алғаш рет ол бұл қорға 1977 жылы өндірістік практикаға келіп, нәтижесінде «Ақсу-Жабағылы қорығындағы ұсақ сүтқоректілердің саны мен биіктік белдеу бойынша таралуы» тақырыбында курстық жұмыс жазды. 1978 жылы Ю.А. Грачевтің жетекшілігімен «Ақсу-Жабағылы қорығындағы тұяқты жануарлар» атты дипломдық жұмысын қорғады.
Ақсу-Жабағылыдағы практика кезінде Елена Мәскеуден келген орнитологтар В.М. Гаврилов пен И.Н. Добрынинамен танысты. Олар Алматыда өткен конференциядан соң қорыққа келіп, Кіші-Қайыңды шатқалында торлы тұзақтар құрып, құстарға сақина тағып жатқан болатын. Сол кезде ол алғаш рет құстарды ұстау мен сақина тағуға қатысып, оларды анықтау және сипаттау жұмыстарына араласты.
Бұл оның орнитологияға жасаған алғашқы қадамы еді. Қорықтың ботаник-орнитологы Анна Андреевна Иващенкомен және Зоология институтының Чокпақ орнитологиялық стационарының құстарды ұстау жөніндегі ғалымдар ұжымымен танысу – зоология саласында мамандануына соңғы нүкте қойды. 1982 жылы қорықта кіші ғылыми қызметкер орны босай салысымен, Елена Сергеевна еш ойланбастан туып-өскен Чимкент қаласын тастап, қорыққа көшіп келді – сөйтіп, 33 жылдан артық уақытын сол жерде өткізгені белгілі болды…
Ақсу-Жабағылы – Қазақстандағы алғашқы және ең көне қорық, 2026 жылы ол 100 жылдығын атап өтеді. Қорық тарихының үштен бірі Чаликова Е.С.-ның көз алдында өтіп, оның қатысуымен жүзеге асты. Қазіргі таңда Елена Сергеевна институт жұмысын жалғастырып, далалық экспедицияларға шығады, ғылыми журналдарға мақалалар мен жазбалар жазады.
Біз Елена Сергеевнаны мерейтойымен құттықтаймыз! Денсаулығы мықты, ғұмыры ұзақ болсын, жаңа ғылыми ашылымдар жасап, шабытқа толы орнитологиялық бақылаулар жасай берсін!
28.02.2025