III Халықаралық жас ғалымдар конгресінде Сиверс алмасының зиянкес жәндіктеріне арналған зерттеулер таныстырылды

Зоология институтының ғылыми хатшысы Гүлжанат Бақытқызы Танабекова Алматы қаласында өткен Жас ғалымдардың III халықаралық конгресіне қатысты.

2026 жылғы 12–13 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған III Халықаралық жас ғалымдар конгресі өтті. Екі күндік ғылыми іс-шараға әлемнің 35-тен астам елінен 1 000-нан аса зерттеуші қатысты.
12 қарашада Конгрестің пленарлық отырысы және «AI for Science: ғылыми жаңалықтардың жаңа дәуірі» атты пленарлық форум ұйымдастырылды. Екінші күні Конгресс жұмысы Алматы қаласындағы алты жоғары оқу орнында бес ғылыми бағыт бойынша жалғасты.
13 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (KazNARU) «Агробиоресурстар және экология» атты ғылыми конференция өтті. Іс-шара университеттің бас ғимаратындағы Ситуациялық орталықта офлайн және онлайн форматтарда ұйымдастырылды.
Конференцияға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының, сондай-ақ Ресей мен Иранның жас ғалымдары қатысты. Іс-шара барысында өзекті ғылыми мәселелерге арналған 18 баяндама тыңдалды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, Зоология институтының ғалым хатшысы, аға ғылыми қызметкер, PhD Г.Б. Танабекова «Сиверс алмасының зиянкес жәндіктері» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада Сиверс алмасының табиғи популяцияларындағы зиянкес жәндіктерді зерттеу нәтижелері, олардың түрлік құрамы мен таралу ерекшеліктері, сондай-ақ табиғи популяцияларға мониторинг жүргізудің маңызы туралы мәліметтер ұсынылды. Зерттеу нәтижелері Сиверс алмасын сақтау және зиянкес жәндіктердің ықтимал әсерін бағалау үшін ғылыми негіз қалыптастыруға бағытталған.
Баяндама қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Талқылау барысында зерттеу әдістеріне, зиянкес жәндіктерді анықтау мен мониторингтеуге және алынған нәтижелерді тәжірибеде қолдануға қатысты сұрақтар қойылды.
III Халықаралық жас ғалымдар конгресінің қорытындысы бойынша отандық ғылымды дамыту, озық шетелдік технологияларды трансферттеу және ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі ұсыныстар қамтылған қарар қабылдау жоспарланды. Құжатты уәкілетті мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына жолдау көзделді.
Конгресс аясындағы ғылыми конференциялар мен пленарлық форумда ұсынылған баяндамалардың негізінде III Халықаралық жас ғалымдар конгресінің тезистері мен аңдатпалар жинағы жарияланады.

16.11.2026 ж.

Әкімші