Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қоршаған ортаны қорғау және биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы стратегиялық әріптестігін дамытудағы маңызды кезең болды.

Қазақстан делегациясының құрамына Институттың қызметкерлері кірді: ғылым жөніндегі бас директордың орынбасары Чирикова М.А.; тереология зертханасының меңгерушісі Грачев А.А.; және тереология зертханасының ғылыми қызметкері Байдавлетов Е.Р.

Отырыста Қазақстан мен Ресей өкілдері жолбарысты Қазақстан экожүйелеріне қайтаруға дайындықтың негізгі мәселелерін талқылады. Екі ел мамандарының ұжымдық алдын ала жұмысы, соның ішінде жолбарысты қайта жерсіндіруге қолайлы жерлерді бағалау бойынша зерттеулер Қазақстанның Ресейден алғашқы жолбарыстарды қабылдауға дайын екенін көрсетті. Отырыстың қорытындысы бойынша жұмыс тобы жолбарыстарды Қазақстанға әкелуге және олардың бастапқы бейімделуіне дайындық жөніндегі бірлескен екі жылдық жоспар жобасын мақұлдады.

Бұдан бөлек, жақын арада қазақстандық мамандар «Амур жолбарысы» орталығы базасында оқудан өтеді. Ресейлік әріптестерде амур жолбарысын сақтау мен қалпына келтіру, сондай-ақ қақтығысты жағдайларды шешу бойынша мол тәжірибе жинақталған, олар оны бөлісуге дайын. Оқу бағдарламасына бақылау, мониторинг, аулау, жануарларды есінен тандыру және ветеринарлық тексерулер әдістері енгізіледі.
Тараптар ғылыми-техникалық бағдарламаны әзірлеуді және Іле өзені атырауындағы қосымша учаскедегі мекендеу ортасын кешенді бағалауды жалғастыруға келісті. Бірлескен жұмыс сондай-ақ Оңтүстік Балқаш өңіріндегі тұяқты жануарларды есепке алу мен мониторинг жүргізу мәселелерінде де жалғасады, онда «Іле-Балқаш» қорығы аумағында азықтық база табысты қалыптасуда.
Іскерлік бағдарлама аясында отырысқа қатысушылар Хабаровск өлкесіндегі амур жолбарысының мекендеу орындарын аралады. Қазақстандық мамандар ресейлік әріптестердің адам мен жыртқыш арасындағы қақтығысты жағдайларды шешудегі тәжірибесін іс жүзінде зерделей алды. Бұдан басқа, ресейлік сарапшылар жыртқыштарды табиғи ортада бақылау, қауіпсіз аулау және тасымалдау, жолбарыстарды жаңа мекендеу жағдайына бейімдеу тәжірибесімен бөлісті.
Жолбарысты қайта жерсіндіру тек маңызды экологиялық бастама ғана емес, сонымен қатар табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіруге жауапты көзқарастың үлгісі және сирек кездесетін түрлерді қорғаудағы екі елдің ынтымақтастығының символы ретінде қарастырылады.
26.09.2025
Ақпарат көздері: ҚОЖМ ЭМРМ ҚР, Амур жолбарысы орталығы