2026 жылғы 31 наурызда Алматыда Ғылым ордасында Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Жас ғалымдар кеңесінің
кеңейтілген отырысы өтті.
ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» ШЖҚ РМК ғалым хатшысы, аға ғылыми
қызметкер, PhD Танабекова Гульжанат Бакытовна қатысты.

Іс-шара барысында Кеңестің жаңартылған құрамы таныстырылып, биыл оның 40%-ы ротация тәртібімен жаңартылғаны атап өтілді. Кеңес қатарына жаңа мүшелер қабылданды.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – Кеңес төрағасын сайлау болды. Ашық дауыс беру нәтижесінде бұл қызметке Ұлттық биотехнология орталығының зертхана меңгерушісі Мақсат Жабағин сайланды.
Сонымен қатар, Кеңестің салалық бөлімшелерінің жетекшілері бекітіліп, ғылыми инфрақұрылымды дамыту, жас ғалымдарды қолдау және кадр даярлау сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Жиын барысында ұсыныстар әзірленіп, Жас зерттеушілер академиясының ережесі таныстырылды.
Жас ғалымдар кеңесі 2024 жылы құрылған және бүгінгі таңда Қазақстандағы жас зерттеушілердің кәсіби дамуына, ғылымды ілгерілетуге және ғылыми саясатты жетілдіруге бағытталған маңызды алаңға айналып отыр.
1.04.2026