Құстардың халықаралық күнімен құттықтаймыз!

Жыл сайын, екі ғасырдан бері, көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, 1 сәуірде Дүниежүзілік құстар күні (International Bird Day) аталып өтіледі.

Бұл экологиялық мерекенің мақсаты – жер бетіндегі құстардың сан алуан түрлері мен санының сақталуына үлес қосу, құстар кездесетін қауіп-қатерлерге қоғам назарын аудару және оларды қорғауға шақыру.

Қазіргі уақытта Жер бетінде 11 000-ға жетпейтін құс түрі қалды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, әлемдегі орнитофаунаның 13%-ын құрайтын шамамен 1250 құс түріне жойылу қаупі төніп тұр.

Қазіргі адамзат тарихы басталғаннан – яғни плейстоценнің соңынан, шамамен 130 мың жылдан бері – 640 құс түрі жойылды деп есептеледі. Алайда бұл дерек шын мәнінде әлдеқайда үлкен болуы мүмкін…

Қазақстанда шамамен 500 құс түрі бар (389 түрі мұнда ұя салып, қалғаны қыстауға ұшып келеді). Олардың 59 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, ал 5-ші басылымға тағы 2 түрді (қара тұйғы және сақалтай) қосу жоспарлануда.

Жер бетінде басқа құс түрлері қалуы немесе жойылып кетуі – көп жағдайда бізге байланысты!

Құстар популяцияларының қысқаруы мен кейбір түрлердің жойылуына көптеген факторлар әсер етеді: климаттың өзгеруі, экожүйелердің бұзылуы, қоршаған ортаның ластануы, үйреншікті мекен ету орындарынан ығыстырылуы, адамзаттың түрлі әрекеттері және т.б.

Құстар – жабайы табиғаттың бір бөлшегі, келер ұрпақ үшін табиғатты бірге сақтайық.

Дүниежүзілік құстар күні құтты болсын!

Сурет: Дмитрий Копылов
01.04.2025

Әкімші