5–6 наурыз күндері Алматы қаласында (Қазақстан) «Орталық Азиядағы адам мен жабайы жануарлар арасындағы қақтығыс» атты конференция өтеді.
Қатысуға өтінімдер мен тезистер 2025 жылғы 20 қаңтарға дейін қабылданады.

Тезис көлемі 500 сөзден аспауы тиіс және онда тезистің атауы, авторлардың тегі мен инициалдары, ұйымның атауы көрсетілуі керек. Тезис ағылшын немесе орыс тілінде ұсынылады.
Конференцияны ұйымдастырушылар:
- Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК)
- ҚР ҒЖБМ-не қарасты Зоология институты
- Михаэль Зукков қоры
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қолдайды.
Толығырақ ақпаратты МЫНА СІЛТЕМЕДЕН қарауға болады.
