Зоология институтының зертхана меңгерушілері мен ғылыми қызметкерлері Қазақстанның әртүрлі қалаларынан келген университет оқытушыларына экскурсия өткізді.

Біздің әріптестеріміз, биологиялық пәндер оқытушылары 24-25 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ, Жаратылыстану және география факультеті базасында өткен «6В015 – биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XVIII республикалық пәндік олимпиадаға қатысу үшін Алматыда өздерінің жоғары оқу орындарының командаларымен бас қосты.
Олимпиаданың мақсаты – жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру және олардың заманауи ғылыми мәселелерді шешуге қатысуын ынталандыру болды.
Зоология институтының ғылыми қызметімен таныстыру мақсатында жоғары оқу орындарының команда жетекшілері институтқа экскурсияға шақырылды. Олар институттың бірнеше құрылымдық бөлімшелерін аралап, келесі зертханалардың қызметімен танысты: жабайы жануарлардың гермоплазмасының криобиологиясы және биобанкі, паразитология, гидробиология және токсикология, орнитология және герпетология, арахнология және басқа да омыртқасыздар зертханалары.
Экскурсия үлкен қызығушылық тудырды, нәтижесінде аймақтық университеттердің студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін ғылыми практикалар ұйымдастыру және Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ҚР БҒМ ҒК Зоология институты арасында ғылыми ынтымақтастықтың басқа да түрлерін дамыту мәселелері талқыланды.
29.04.2025