Жауапты орындаушы: Қадырбеков Рүстем Хасенович
Іске асыру мерзімі: 2025–2027 жж.
ИРН: BR28712767
ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Зоология институты «Жайық маңы өңірінің экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық-географиялық, палеобиогеографиялық аспектілерін зерттеу және оның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау» атты мақсатты қаржыландыру бағдарламасының бірлескен орындаушысы болып табылады. Бағдарлама бөлімі: II. Биоэкологиялық зерттеулер және биоалуантүрлілікті мониторингтеу блогы. Бағдарламаның негізгі орындаушысы – «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, ғылыми жетекшісі – б.ғ.д. Дарбаева Талшен Есеноманқызы.
ЖОБА ТУРАЛЫ
Зерттеу аумағы – Жайық өзені алабының орта және төменгі ағысы шегіндегі Жайық маңы өңірі (Батыс Қазақстан, Атырау облыстары және Ақтөбе облысының солтүстігі – Ілек, Ор, Қобда өзендері алаптары). Өңірдің жалпы ауданы 351 591 км².
Өңір фаунасын кешенді зерттеу биоалуантүрлілік туралы білімдегі олқылықтарды толықтыруға мүмкіндік береді. Жайық маңы фаунасы үзік-үзік зерттелген, ал қолда бар деректер түрлі таксономиялық жарияланымдарда шашыраңқы түрде берілген. Арахнофауна, акарофауна, энтомофауна, ихтиофауна бойынша жүйелі зерттеулердің болмауы олардың құрамы мен құрылымы туралы түсінікті шектейді және экологиялық, биогеографиялық зерттеулерді қиындатады. Фаунистік құрам туралы мәліметтердің жеткіліксіздігі жануарлар қауымдастықтарының құрылымына экологиялық факторлардың әсерін бағалауды тежейді, бұл биоалуантүрлілікті сақтау шараларын әзірлеуге кедергі келтіреді.
ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Өңірде алғаш рет аңшылық шаруашылығының ресурстық әлеуетіне кешенді баға беріледі. Бұған дейінгі зерттеулер көбіне кәсіптік аң түрлерін сипаттауға немесе оларды қорғауға бағытталған болатын. Қазіргі жағдайдағы аңшылық шаруашылығының ерекшеліктері, оның тиімділігі мен экономикалық аспектілері жеткілікті зерттелмеген. Осы мәселелерге арнайы зерттеулер арналмақ.
Алғаш рет өңір фаунасының жекелеген өкілдерінің экожүйелік өзгерістер индикаторы ретіндегі рөлі биоалуантүрлілік, трофикалық ниша және антропогендік әсерлерге төзімділік тұрғысынан жүйелі түрде зерттеледі. Климаттық өзгерістер мен антропогендік қысым жағдайында экожүйелердің тұрақтылығын бағалау үшін популяциялардың таралуы мен динамикасын талдаудың инновациялық әдістері ұсынылады.
Өзекті міндеттердің бірі – өңірдің сирек және ҚР Қызыл кітабына енгізілген герпетофауналық түрлерін мониторингтеу және климаттық әрі антропогендік өзгерістер жағдайында оларды қорғау шараларын әзірлеу.
Сонымен қатар өңір жануарлар дүниесінің кадастрына арналған, қазіргі және қазба түрлер туралы мәліметтерді қамтитын және ГИС-пен біріктірілген электрондық деректер базасы жасалады.
МІНДЕТТЕР:
- Өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты пайдалану бойынша ғылыми-инновациялық әдістер кешенін әзірлеу, биоалуантүрлілік каталогтарын жасау және сирек әрі эндемик объектілерге метагеномдық зерттеулер жүргізу;
- Өңір жануарлар дүниесінің қазіргі және қазба түрлері туралы деректерді қамтитын, ГИС-пен біріктірілген электрондық кадастр деректер банкін құру;
- Қазіргі және қазба қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың биоалуантүрлілігін және олардың биологиясының барлық аспектілерін әлемдік деңгейдегі жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып зерттеу;
- Биоалуантүрлілік мониторингі, сирек және эндемик түрлердің таралу аймақтарын анықтау;
- Арахнология, энтомология және гидробиология салаларында заманауи зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:
– биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты пайдалану бойынша ғылыми-инновациялық әдістер кешені әзірленеді;
– ГИС-пен біріктірілген жануарлар дүниесінің электрондық кадастр деректер банкі құрылады;
– қазіргі және қазба қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың биоалуантүрлілігі зерттеледі;
– сирек және эндемик түрлердің таралу аймақтары анықталады;
– арахнология, энтомология және гидробиология салаларында заманауи зерттеу инфрақұрылымы жасалады.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Жобаға ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Зоология институтының 11 маманы қатысады.
Бағдарлама бөлімінің жауапты орындаушысы – Қадырбеков Рүстем Хасенович, бас ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының докторы, ORCID ID: 0000-0003-0550-3697, Scopus Author ID: 15729394100, h-index 2
Тлеппаева А.М., аға ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты, ORCID ID: 0000-0002-9754-2177, Scopus Author ID: 57195611234, h-index 2
Дүйсебаева Т.Н., жетекші ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты, ORCID ID: 0000-0002-0127-3604, Scopus Author ID: 22634360000, h-index 10
Малахов Д.В., аға ғылыми қызметкер, ORCID ID: 0000-0002-7844-6569, Scopus Author ID: 36794244500, h-index 8
Есжанов А.Б., аға ғылыми қызметкер, PhD, ORCID ID: 0000-0001-6572-5668, Scopus Author ID: 56891752100, h-index 6
Нехаева А.А., аға ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты, ORCID ID: 0000-0002-4972-2122, Scopus Author ID: 54891966800, h-index 4
Титов С.В., аға ғылыми қызметкер, ғылым докторы (Sc.D), ORCID ID: 0000-0003-2196-280X, Scopus Author ID: 54390454100, h-index 3
Плахов К.Н., аға ғылыми қызметкер, ORCID ID: 0000-0001-8627-2311, Scopus Author ID: 56728663500, h-index 3
Линник А.С., аға ғылыми қызметкер, ORCID ID: 0000-0003-4472-2307
Ким Л.В., кіші ғылыми қызметкер, магистр, ORCID ID: 0000-0003-1916-7639, Scopus Author ID: 59350923800, h-index 1
Курбанова Р.А., кіші ғылыми қызметкер, магистр, ORCID ID: 0009-0008-6273-0523, Scopus Author ID: 58868159100, h-index 1
ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ:
2025 ж. қысқаша қорытындылар
Жоба бойынша жұмыстар 2025 жылғы 14 қазанда басталды. Есептік кезеңде өңір фаунасына арналған әдеби дереккөздерге талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесінде жануарлардың әртүрлі топтары бойынша келесі деректер алынды.
Қазақстанның батыс облыстарындағы өрмекшілердің барлық жиынтығы, 24 туысқа жататын 382 түрді құрайды. Ең жоғары әртүрлілік Gnaphosidae (75 түр, 19%) және Salticidae (63 түр, 16%) туыстастарына тән. Осылайша, Батыс Қазақстан облысындағы өрмекшілерді зерттеу айтарлықтай ілгерілеу болса, ал жалпы батыс Қазақстан бойынша зерттеу деңгейі жеткіліксіз күйінде қалып отыр, әсіресе Ақтөбе және Атырау облыстарына қатысты. Қолда бар деректер облыстар арасындағы фауналардың жоғары ұқсастығын көрсетеді, алайда әртүрлі биотоптар мен маусымдарды қамтитын қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігі айқын. Бұл аранеофаунаның құрамын және құрылымын нақтылауға мүмкіндік береді, бұл өрмекшілердің таралу ерекшеліктерін анықтау және фаунаның қалыптасу заңдылықтарын түсіну үшін маңызды.
Қазіргі уақытта зерттеу өңірінде энтомофауна бойынша 11 топтағы,108 туысқа 918 тұқымдастың 1813 түрі анықталған. Облыстар бойынша зерттелу деңгейі: Атырау облысы – 799, Батыс Қазақстан облысы – 1028 түрі; Ақтөбе облысы – 5 топқа жататын 34 туыстың 486 тұқымдасындағы 994 түрі тіркелген. Қазіргі уақытта энтомофаунаның зерттелуінің ең жақсы көрінісі Батыс Қазақстан облысында байқалады.
Приуралье ихтиофаунасының әртүрлілігі 12 тобындағы 21 тұқымдасына жататын 51 түрі ұсынылған. Ихтиофаунаны зоогеографиялық критерийлер (теңіз немесе тұщы су) және экологиялық топтар (өтпелі және тұщы су түрлері) бойынша бөлуге болады.
Жобалық аумақтың герпетофаунасының қазіргі нақты тізімі 26 түрін қамтыйды, оның ішіндеқосмекенділердің 5 түрі: қызылқұрсақты шұбар бақа, Паллас сарбас бақасы, шығыс жасыл құрбақа, көл және сүйіртұмсық бақалар; тасбақалардың екі түрі – батпақ және ортазиялық тасбақа; кесірткелердің 9 түрі: шырылдауық гекконша, сұр геккон, дала агамасы, домалақбас кесірткелер – жылмаң, тақыр, құлақты және жүгіргіш кесірткелер, ала және жылдам, сондай-ақ жасыл кесіртке; жыландардың 10 түрі – құм боасы, мысжылан, қарашұбар жыландар: каспий, Паллас және өрнекті, сужыландар – кәдімгі және су, оқ-жылан, қараған қалқантұмсығы және шығыс дала сұржыланы. XIX – XX ғасырдың басындағы әдебиеттерде аталған, бірақ жобалық аумақта тіршілік етуі әлі расталмаған түрлер тізімге енгізілген жоқ. Герпетологиялық зерттеулер тарихын талдау мәселелерді белгілеуге және осы жоба аясында бірінші кезекте назар аударуды қажет ететін аудандарды анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеулерге тартылған барлық жануарлар топтары бойынша деректермен деректер базасын
толықтыру басталды.
Аңшылық шаруашылығы бойынша зерттеулер 2027 жылдан басталады.
2026 жылғы қысқаша қорытындылар
Жоба аясында Батыс Қазақстан мен Жайық өңірінің жануарлар дүниесіне зерттеулер жүргізілді. Зерттеу жұмыстары өрмекшітәрізділерді, жәндіктерді, балықтарды, қосмекенділер мен жорғалаушыларды қамтыды. Сонымен қатар геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып, қоршаған орта факторларына талдау жасалды.
Жүргізілген зерттеулер өңірдің биологиялық әртүрлілігі туралы мәліметтерді толықтыруға, жаңа түрлердің кездесетін орындарын анықтауға, жекелеген түрлердің таралу аймақтарын нақтылауға, сондай-ақ биоәртүрлілікті одан әрі зерттеу мен мониторинг жүргізудің басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР
- Өрмекшітәрізділердің 70 туыс пен 22 тұқымдасқа жататын 103 түрі анықталды. Олардың ішінде өрмекшілер (Araneae) – 91 түрі (87,5%), иксод кенелері (Ixodidae) – 12 түрі (11,5%) және сольпугалар (Solifugae) – 1 түрі (0,9%) тіркелді.
- Өрмекшілердің 9 түрі өңірде алғаш рет, ал тағы 7 түрі Қазақстан фаунасында алғаш рет тіркелді.
- Далалық, шөлейт және өзен жағалауы биотоптарындағы өрмекшілер қауымдастықтарының таксономиялық құрылымындағы айырмашылықтар анықталды.
- Иксод кенелерінің (Ixodidae) 12 түрі анықталды. Кенелердің жалпы санына жүргізілген талдау нәтижесінде Dermacentor niveus түрінің айқын басым екені (29,5%) анықталды. Сонымен қатар саны көп түрлерге Dermacentor marginatus (17,1%), Hyalomma asiaticum (14,5%) және Rhipicephalus pumilio (13,7%) жатады.
- Алынған нәтижелер зерттелген аумақтың табиғатты қорғау және ғылыми тұрғыдан жоғары құндылығын көрсетеді. Бұл аумақ әлі де жеткілікті деңгейде зерттелмеген және өңір мен Қазақстан фаунасы үшін жаңа өрмекшітәрізділер түрлерін анықтаудың жоғары әлеуетіне ие.
2. Жәндіктер
- Далалық зерттеулер мен ғылыми әдебиеттерді талдау нәтижесінде Жайық өзені алабында 13 отрядқа (Odonata, Plecoptera, Ephemeroptera, Trichoptera, Mantodea, Dermaptera, Orthoptera, Homoptera, Hemiptera, Coleoptera, Lepidoptera, Hymenoptera, Diptera), 121 тұқымдасқа және 856 туысқа жататын 1554 жәндік түрі есепке алынды.
- 2026 жылғы далалық зерттеулер барысында өңірде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 9 түрдің 5-еуі тіркелді: император-инелік (Anax imperator Leach, 1815), әсем инелік (Calopteryx virgo Linnaeus, 1758), дала кергісі (Saga pedo Pallas, 1771), қозғалмалы мүйізді қи қоңызы (Bolboceras armiger Scopoli, 1772) және дала сколиясы (Scolia hirta Schrenk, 1781).
- 1920 жылдан бері алғаш рет Жайық өзенінің жайылмасында қозғалмалы мүйізді қи қоңызы (Bolboceras armiger) тіркеліп, оның екі дарағы жиналды.
- Жайық өзені алабында алғаш рет мұртты қоңыздардың үш түрі анықталды: Turanium scabrum, Xylotrechus asellus және Trichoferus campestris.
- Жайық өзені алабында (Атырау облысы аумағында) өсімдік биттерінің екі эндемик түрі анықталды.
3. Ихтиофауна
- Зерттелген 10 су нысандарының 13 бақылау станциясында балықтардың 20 түрі тіркелді.
- Зерттелген су ағындарының ихтиофаунасының негізін кең таралған жергілікті балық түрлері құрады: шортан, табан, үкі шабақ, марқа, ақмарқа, аққайран, доңғабас, мұрынды балық, торта, қызылқанат, оңғақ, нәлім, алабұға, кіші оңтүстік шаншарбалық және басқа да ұсақ түптік балық түрлері. Ең жиі кездескен түрлер – үкі шабақ, аққайран және торта.
- Жайық өзенінің салаларындағы, оның ішінде Ақтөбе облысы аумағындағы балықтардың түрлік құрамы туралы мәліметтер толықтырылды.
- Ихтиофаунаның қазіргі кездегі бөгде түрлерінің жағдайына талдау жүргізілді. Кәдімгі балықша (Vimba vimba) зерттелген үш су ағынында тіркелді. Бұл оның өзен салалары жүйесінде таралып, жаңа мекендеу орындарын игеріп жатқанын көрсетеді.
- Жақында сипатталған және Жайық өзені алабының эндемигі болып саналатын жайық құмбалығы түріне алдын ала жатқызылған балықтар бес станцияда анықталды. Жиналған материалдар аталған түрдің алаптың Қазақстан аумағындағы таралуын одан әрі нақтылау үшін маңызды.
- Barbatula barbatula және Cobitis melanoleuca түрлеріне жатқызылған жекелеген даралардың түрлік тиістілігін нақтылау үшін сақталған коллекциялық материалдарға егжей-тегжейлі морфологиялық талдау жүргізу, ал даулы жағдайларда молекулалық-генетикалық әдістерді қолдану қажет.
- Алдағы зерттеулердің басым бағыттары айқындалды: аз зерттелген өзен салалары мен жайылмалық су айдындарын зерттеу, бөгде балық түрлеріне мониторинг жүргізу және жекелеген балықтардың таксономиялық мәртебесін нақтылау.
Зерттелген аумақтың қазіргі ихтиофаунасы кең таралған жергілікті түрлердің басымдығымен, жекелеген орындарда тіркелген кәсіптік маңызы жоқ балықтар тобының болуымен және түрлік анықталуы қосымша тексеруді қажет ететін таксондардың кездесуімен сипатталады. Сонымен қатар балық қауымдастықтарының құрамында бөгде түрлер де кездеседі.
4. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
- Жинақталған мәліметтер бойынша жоба аумағының герпетофаунасы 32 түрді қамтиды: қосмекенділердің 5 түрі, тасбақалардың 2 түрі, кесірткелердің 15 түрі және жыландардың 10 түрі.
- Жыландардың екі түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген: каспий қарашұбар жыланы (Dolichophis caspius) және Паллас қарашұбар жыланы (Elaphe sauromates). Қазақстанның Қызыл кітабының 2026 жылғы басылымында олардың қорғау мәртебесі қайта қаралды. Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) критерийлері бойынша екі түрге де DD (деректер жеткіліксіз) мәртебесі берілген, ал IUCN-нің жаһандық Қызыл тізімінде олар LC (жойылып кету қаупі төмен) санатына жатады.
- Қосмекенділер мен жорғалаушылардың 30 түрі бойынша 4785 жазба енгізілді. Жиналған материалдар түзету және геодеректер базасына енгізу үшін Геоақпараттық жүйелер және Жерді қашықтықтан зондтау бөліміне берілді.
5. Геоақпараттық талдау
2026 жылы жоба аумағында қоршаған ортаның бірқатар айнымалы көрсеткіштеріне талдау жүргізілді. Талдау барысында ERA5, TerraCLIM және BioCLIM жаһандық деректер жиынтықтары, сондай-ақ жоғары кеңістіктік ажыратымдылықтағы спутниктік бақылау деректері пайдаланылды.
Барлығы 16 тақырыптық карта және 18 аналитикалық кесте мен график әзірленді.
НӘТИЖЕЛЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Алынған материалдар Батыс Қазақстан мен Жайық өңірінің биоәртүрлілігі туралы ғылыми түсініктерді кеңейтіп, алдағы зерттеулерге негіз қалайды. Өңір мен Қазақстан фаунасы үшін алғаш рет анықталған түрлер, сирек кездесетін түрлердің таралуы туралы деректер, сондай-ақ бөгде балық түрлерінің таралуына қатысты мәліметтер ерекше маңызға ие.
Алдағы жұмыстардың басым бағыттарына сирек кездесетін және аз зерттелген түрлерге мониторинг жүргізу, жеткілікті зерттелмеген мекендеу ортасы мен су ағындарын зерттеу, жануарлардың жекелеген топтарының таксономиялық мәртебесін нақтылау және биоәртүрлілік жөніндегі геоақпараттық деректер базасын дамыту жатады.
Жоба бойынша жарияланымдар тізімі
2026 жылы 4 ғылыми мақала жарияланды. Оның ішінде 2 мақала Web of Science және Scopus халықаралық деректер базаларына енгізілген ғылыми журналдарда, ал 2 мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБССҚК) ұсынған ғылыми басылымдарда жарық көрді.
1. Kadyrbekov R.Kh., Tleppaeva A.M., Kolov S.V. Another two new aphid species of the genus Cryptomyzus Oestlund, 1922 (Hemiptera, Aphididae) from Kazakhstan // ZooKeys. – 2026. – No 1270. – P. 245‒254. DOI: https://doi.org/%2010.3897/zookeys.1270.158304 Q 2
3. Titov A.V., Volynkin A.V. The genus Catocala Schrank, 1802 in the northern part of the Ural River valley (West Kazakhstan), with the first record of Catocala hymenaea ([Denis & Schiffermüller], 1775) from the country (Lepidoptera: Erebidae) // Ecologica Montenegrina. – 2026. – V. 97. – P. 89-98. DOI: https://dx.doi.org/10.37828/em.2026.97.8 Q 2
3. Kadyrbekov R. Kh. Two new species of the genus Protaphis Börner, 1952 (Hemiptera: Aphididae, Aphidina) from Kazakhstan // Far East Entomologist. – 2026. – No 544. – P. 22‒28. DOI: https://doi.org./10.25.221/fee.544.3 Q 3 КОКНВО
4. Кадырбеков Р.Х. Обзор фауны тлей (Hemiptera, Aphidomorpha) Западно-Казахстанской области. Сообщение 3 // Евразиатский энтомологический журнал. 2026. – Т. 25. – Вып. 1. – С. 31‒34. DOI: https://doi.org/10.15298/euroasentj.25.01.07. Q 3 КОКНВО
1 мақала баспаға дайындалды:
Simonov E., Dujsebayeva T., Klenina A., Bakiev A., Malakhov D., Akhmedenov K. Annotated checklist of snakes and lizards (Reptilia, Squamata) of Western Kazakhstan with distribution data and new records // Zookeys (Q2)