Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына үміткерлерді конкурсқа қатысуға іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № 8 хаттамасы

Жарияланған күні: 16.04.2025

№8 Хаттама

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына үміткерлерді конкурсқа қатысуға іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырысының хаттамасы

Астана қ., 2025 жылғы 15 сәуір
«Министрліктер Үйі» ғимараты, сағат 10:00

Қатысқандар:

Комиссия төрағасы: Жанқуатов Г.Ж.
Комиссия мүшелері: Т.Г. Сериков, Р.А. Алшанов, Д.Ж. Ахмед-Заки, Д.Р. Орынбеков, Д. Қамзабекұлы, К.Е. Акатов, Ж.Х. Тохтаров, А.Ж. Бибосинов
Комиссия хатшысы: У.У. Ауелбекова

Күн тәртібі:

  • Конкурсқа қатысушылардың ұсынған құжаттарының белгіленген талаптарға сәйкестігін зерделеу (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген қағидалар).
  • Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімін бекіту.

Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерін ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне бағынысты «Зоология институты» ШЖҚ РМК басшысының бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарымен таныстырды.

Комиссия құжаттарды зерделеп, төмендегі үміткерлер тізімін бекітті:

  1. Айдын Бауыржанұлы Есжанов, PhD докторы, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің «Зоология институты» ШЖҚ РМК зертхана меңгерушісі;
  2. Марина Александровна Чирикова, биология ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің «Зоология институты» ШЖҚ РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары;
  3. Роман Васильевич Ященко, биология ғылымдарының докторы, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің «Зоология институты» ШЖҚ РМК бас ғылыми қызметкері;
  4. Дархан Шоганбекұлы Акимжанов, PhD докторы, «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» оқу жұмысы бойынша деканның орынбасары.

Қол қойғандар:

Комиссия төрағасы: Г.Ж. Жанқуатов

Комиссия мүшелері:
Т.Г. Сериков
Р.А. Алшанов
Д.Ж. Ахмед-Заки
К.Е. Акатов
Ж.Х. Тохтаров
Д.Р. Орынбеков
Д. Қамзабекұлы
А.Ж. Бибосинов

Комиссия хатшысы: У.У. Ауелбекова

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/976795?lang=kk
16.04.2025

Әкімші