Сайгакты сақтау альянсының бюллетені
Saiga News — сайгакты (Saiga tatarica) сақтау және зерттеуге арналған халықаралық ақпараттық бюллетень. Сайгак — Халықаралық табиғатты қорғау одағының (МСОП) Қызыл тізіміне енгізілген сирек тұяқты жануар. Журнал сайгак ареалы орналасқан елдердегі ағымдағы ғылыми зерттеулерді, қорғау шараларын, далалық экспедицияларды, заңнамалық бастамаларды және экологиялық ағартушылық қызметті қамтиды.
Баспагер және құрылтайшылар:
Журнал Saiga Conservation Alliance (SCA) — сайгакты қорғауға бағытталған халықаралық бастама аясында шығарылады. Құрылтайшылар қатарына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай және Ұлыбританияның ұйымдары мен ғылыми институттары кіреді.
Құрылған жылы:
Saiga News журналының алғашқы саны 2005 жылы жарық көрді.
Басылым тілдері:
Журнал алты тілде шығарылады: ағылшын, орыс, қазақ, өзбек, моңғол және қытай. Бұл ғалымдарды, табиғатты қорғау саласының мамандарын, студенттерді, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлерін және кең жұртшылықты қоса алғанда, халықаралық аудиторияны қамтуға мүмкіндік береді.
Редакциялық алқа:
Ұлыбритания:
• Э. Дж. Милнер-Гулланд [кеңесші редактор], Оксфорд университеті
• Д. Мэллон [рецензент], МСОП Антилопалар жөніндегі мамандар тобы
Қазақстан:
• М. Чирикова, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Зоология институты
• А. Кривошеева, ACБK
Қытай:
• Гуйхон Джан, Куйлонг білім беру және оқыту орталығы
Моңғолия:
• Б. Бувейбатар, WCS Моңғолия
• Б. Чимеддорж, WWF Моңғолия
Ресей:
• А. Лущекина, РҒА Экология және эволюция проблемалары институты
• Ю. Арылов, Қалмақ мемлекеттік университеті
Өзбекстан:
• Е. Быкова [жауапты редактор], Өзбекстан ҒА Зоология институты
• А. Есипов, Өзбекстан ҒА Зоология институты





