Өткізу уақыты: 11–13 қараша 2026 ж.
Өткізу орны: Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

Сіздерді Орталық Еуразиядағы алғашқы мемлекеттік табиғи қорық – Ақсу-Жабағылы қорығының 100 жылдығына арналған «БАТЫС ТЯНЬ-ШАНЬНЫҢ БИОӘРТҮРЛІЛІГІН САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конференция 2026 жылдың 11–13 қараша айында Алматы қаласында (Қазақстан) өтеді. Конференция барысында Батыс Тянь-Шань биоәртүрлілігінің қазіргі жағдайы мен оны сақтаудың перспективаларына, экожүйелік және түрлік алуантүрлілікті қорғауға, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) өңірлік және жаһандық деңгейдегі маңызына арналған іргелі және қолданбалы зерттеулер талқыланады.
Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» РМК, ҚР ЭТРМ «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» РМК, ҚР ЭТРМ «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» (МАБ) бағдарламасының Қазақстан ұлттық комитеті.
Өткізу уақыты: 11–13 қараша 2026 ж.
Өткізу орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 93, Зоология институты.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Өткізу форматы: гибридті (офлайн және онлайн).
Қатысу нысандары
– пленарлық баяндама (20 мин);
– секциялық ауызша баяндама (10 мин);
– постерлік баяндама;
– сырттай қатысу (мақаланы жариялау арқылы).
Конференцияның негізгі бағыттары
- Батыс Тянь-Шань фаунасының қазіргі жағдайы және оны сақтау перспективалары;
- Батыс Тянь-Шань флорасын зерттеу және сақтау мәселелері;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы түрлік және экожүйелік алуантүрлілікті сақтау;
Пленарлық баяндамаларға, симпозиумдар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға ұсыныстар қабылданады.
Дөңгелек үстелдер:
- «ЕҚТА-дағы биоәртүрлілікті мониторингтеу»;
- «Антропогендік факторлардың биоәртүрлілікке әсері»;
- «Ақсу-Жабағылы қорығының биоалуантүрлілігін сақтаудың заманауи мәселелері»;
- «Орталық Еуразиядағы ЮНЕСКО биосфералық резерваттары».
Маңызды күндер:
2026 ж. 1 сәуірге дейін – пленарлық баяндамалар, симпозиумдар және дөңгелек үстелдер бойынша ұсыныстар қабылданады.
2026 ж. 6 сәуірге дейін – қатысуға өтінімдер жіберуге болады.
2026 ж. 16 тамызға дейін – баяндама материалдары қабылданады.
Материалдарды келесі электронды почтаға жіберу қажет: science@zool.kz
Осы сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfZm_dOrS43mAoMDP5XT_GpZY7PS49Tmarluwx8ypM07mdGRQ/viewform?usp=publish-editor
Материалдарды жариялау
Конференцияға орай материалдар жинағын шығару жоспарланған (рәсімдеу талаптары төменде берілген).
Өтінімдер мен материалдарды: science@zool.kz электрондық поштасына жолдау қажет.
Конференцияға тіркелген барлық қатысушыларға онлайн қатысу сілтемесі екінші ақпараттық хатта жіберіледі.
