2026 жылғы 9–12 қыркүйек аралығында «Шақпақ» орнитологиялық станциясының 60 жылдығына арналған «XXI ғасырдағы Азия құстарының миграциясы: қорытындылар, мәселелер және перспективалар» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференцияға офлайн және онлайн форматта Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Ресей, Германия, Израиль, Италия, Швейцария, Швеция, Франция және АҚШ-тың ғалымдары мен мамандары қатысты.
Ғылыми бағдарлама аясында құстардың миграциясы, көпжылдық сақиналау және популяциялар мониторингі, GPS және спутниктік бақылау, миграциялық дәліздер, сирек түрлерді қорғау және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған баяндамалар ұсынылды.

Конференцияның ерекше бөлігінің бірі – «Шақпақ» орнитологиялық станциясындағы далалық бағдарлама болды. Қатысушылар құстарды аулау, сақиналау және миграциясын зерттеу әдістерімен танысты.

1966 жылы құрылған «Шақпақ» станциясы Орталық Азиядағы маңызды миграциялық жолдардың бірінде құстардың қоныс аударуын үздіксіз зерттеп келе жатқанына биыл 60 жыл толды.

Конференцияны өткізуге қолдау көрсеткен барлық демеушілер мен серіктестерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Global Messenger, Түлкібас және Жуалы аудандарының әкімдіктеріне, Jeti Tandyr, Bellagio Hotel Shymkent, сондай-ақ іс-шараға ақпараттық қолдау көрсеткен «Ветер Странствий» жобасына ерекше алғыс айтамыз.
Барлық қатысушыларға, баяндамашыларға, қонақтар мен әріптестерге тәжірибе алмасқаны, жаңа ғылыми байланыстар орнатқаны және орнитологиялық зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Шақпақ — 60 жылдық бақылау, ғылым және халықаралық ынтымақтастық.

19.09.2026 ж.