Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы биоалуантүрлілік мониторингі

Ақсу-Жабағылы қорығының 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция аясында ҚР Зоология институтында дөңгелек үстел өтті.

2026 жылғы 11 қарашада Зоология институтында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы биоалуантүрлілік мониторингі: тәжірибе алмасу, бақылау әдістерін біріздендіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимылы және талқылау қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірлеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның модераторы Зоология институтының ғалым хатшысы, PhD Г.Б. Танабекова болды. Ол «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ғылыми зерттеулер» тақырыбында баяндама жасап, биоалуантүрлілікті сақтау, жануарлар дүниесін зерттеу және ғылыми мониторинг жүргізудің негізгі бағыттарын таныстырды.
Ғылыми зерттеулер мен мониторинг жүргізу барысында заманауи әдістер мен технологияларды кеңінен қолдануға ерекше назар аударылды. Олардың қатарында фототұзақтар, спутниктік телеметрия, биоакустикалық мониторинг, молекулалық-генетикалық және паразитологиялық зерттеулер, геоақпараттық жүйелер, Жерді қашықтан зондтау технологиялары, автоматтандырылған деректер базалары және цифрлық далалық хаттамалар бар.
Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі А.А. Грачев «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сүтқоректілерді қашықтан зерттеу әдістері» тақырыбында баяндама жасап, қолданылатын зерттеу тәсілдері мен жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін таныстырды.
Іс-шараға офлайн және онлайн форматтарда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар директорларының ғылым жөніндегі орынбасарлары, ғылыми бөлімдердің басшылары мен ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ЕҚТА ғылыми бөлімдерінің Зоология институтымен және басқа да ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастығы, мониторингтік бақылау әдістемелерін біріздендіру, білікті мамандар даярлау және заманауи зерттеу әдістерін енгізу мәселелері талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ғылыми зерттеулердің сапасын және биоалуантүрлілік мониторингінің тиімділігін арттыруға бағытталған алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды.

Іс-шараның модераторы Зоология институтының ғалым хатшысы, PhD Г.Б. Танабекова болды.

14.11.2026 ж.

Әкімші