«Заманауи зоология: ғылымнан өндіріске дейін»: Зоология институтының бас директоры ҚазҰУ студенттерімен кездесті

Есжанов Айдын Бауыржанұлы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің студенттерімен өткен кездесуге қатысты.

Есжанов Айдын Бауыржанұлы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің студенттерімен өткен кездесуге қатысты.

2026 жылғы 16 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде «Зоология институты» РМК бас директоры, PhD докторы Айдын Бауыржанұлы Есжановтың көшбасшылық дәрісі өтті. Университет түлегі болып табылатын Институт басшысының студенттермен және жас ғалымдармен кездесуін зоология, гистология және цитология кафедрасы ұйымдастырды.

«Заманауи зоология: ғылымнан өндіріске дейін» тақырыбындағы дәріс барысында зоологиялық зерттеулердің өзекті бағыттары, ғылымның даму перспективалары, оның практикалық маңызы және жас мамандар үшін кәсіби мүмкіндіктері талқыланды.

Айдын Есжанов қатысушыларды Зоология институтының қызметімен, ғылыми зертханалардың жұмысымен, заманауи зерттеу жабдықтарымен және ғылыми қорларымен таныстырды. Қазақстан мен Орталық Азияның биоалуантүрлілігін, экологиясы мен климаттық өзгерістерін зерттеуге, сондай-ақ одан әрі ғылыми зерделеуді қажет ететін мәселелерге ерекше назар аударылды.

Айдын Есжанов қатысушыларды Зоология институтының қызметімен, ғылыми зертханалардың жұмысымен, заманауи зерттеу жабдықтарымен және ғылыми қорларымен таныстырды.

Кездесу барысында Институттың жас зерттеушілеріне, соның ішінде ҚазҰУ түлектеріне және олардың ғылыми жобаларға қатысуына да назар аударылды. Студенттер Институтта кәсіби тұрғыдан қалыптасу мүмкіндіктері, болашағы зор зерттеу бағыттары, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және оларды өндіріске енгізу перспективалары туралы ақпарат алды.

Сонымен қатар заманауи зоологқа қажетті кәсіби құзыреттер мәселесі талқыланды. Пәнаралық тәсілдің, зерттеудің заманауи әдістерін меңгерудің және биология, экология, технологиялар мен басқа да ғылыми бағыттардың тоғысында жұмыс істей білудің маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шараға факультеттің бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушылары, оқытушылары, сондай-ақ Зоология институтының қызметкерлері қатысты.

Кездесу студенттерге еліміздегі жануарлар дүниесін зерттейтін жетекші ғылыми ұйымның қызметімен жақынырақ танысуға, заманауи зоологияның даму перспективалары мен Қазақстанның биоалуантүрлілігін зерттеу және сақтау бағытындағы ғылыми зерттеулерге жас мамандардың қатысу мүмкіндіктері туралы білуге жол ашты.

17.11.2026 ж.

Әкімші