Қазақстанның оңтүстігіндегі омыртқалы жануарлардың жаппай түрлері популяциясының қазіргі жағдайын бағалау және олардың коронавирустық инфекцияларды тасымалдаудағы рөлі. Научный руководитель: Чирикова М.А.

Жоба мақсаты: Синантропты және адам пайдаланатын түрлер мысалында Қазақстанның оңтүстігінде бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілердің жаппай түрлерінің қазіргі жай-күйін зерттеу және олардың коронавирустық инфекцияларды тасымалдаудағы рөлін бағалау

Жоба міндеттері

1. Бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және сүтқоректілердің жаппай түрлерінің бөлінуі, таралуы және салыстырмалы саны бойынша далалық шығулар мен деректер жинауды жүргізу.

2. Қазақстанның оңтүстігіндегі жабайы жануарлардың жаппай және синантропты түрлерін одан әрі зерттеу үшін вирусты инфекцияларға сынама жинауды жүзеге асыру және сынамалардың коллекциясын жасау;

3. Бауырымен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің коронавирустық инфекцияларын табу және анықтау;

4. Бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілердің зерттелетін түрлерінің қазіргі жай-күйін, олардың таралуын және Қазақстанның оңтүстігіндегі модельдік учаскелердегі салыстырмалы санын бағалау.

5. Ауру таралуының алдын алу бойынша ұсыныстарды пысықтау үшін инфекцияны әлеуетті тасымалдаушылардың көші-қон жолдарын және олардың адам және үй жануарларымен өзара қарым-қатынас жасау жолдарын анықтау;

6. Бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және сүтқоректілердің жаппай түрлерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу, оларды сақтау және ұтымды пайдалану мүмкіндігі жөнінде, сондай-ақ жабайы жануарлардың коронавирустық инфекцияларының мониторингі және аурулардың таралуын болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

Әкімші