Тарихы

Нобай жоқ

Зоология институтының тарихы

ЗООЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛҒАНҒА ДЕЙІНГІ ЗООЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Қазақстандағы зоологиялық зерттеулердің тарихы терең. Төңкеріске дейінгі кезеңде олар географиялық экспедициялар құрамында саяхатшы-географтар мен жаратылыстанушылар тарапынан жүргізілді. Жануарлар дүниесін алғашқы зерттеушілер қатарында XVIII—XIX ғасырлардың ірі саяхатшылары мен ғалымдарының есімдері аталады: академиктер П. С. Паллас, И. И. Лепехин, С. Г. Гмелин, Петербург ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П. И. Рычков, Н. М. Пржевальский, М. Н. Богданов, Г. С. Карелин, Э. А. Эверсман, Н. А. Северцов, А. П. Федченко және басқалар. Бұл ғалымдардың барлығы республика аумағындағы балықтарды, қосмекенділерді, бауырымен жорғалаушыларды, құстар мен сүтқоректілерді зерттеуге зор үлес қосты.

Көбірек басыңыз