Зоология институтында “Еуразия таулары мен шөлдерінің биоалуантүрлілігі туралы деректер” халықаралық симпозиумы өтті
2024 жылғы 18-19 қарашада Алматыда биоалуантүрлілік туралы ашық деректерді басқару бойынша Халықаралық симпозиум өтті. Іс-шараны ЮНЕСКО-ның “Адам және биосфера” бағдарламасы (MAB) және “Табигат” қауымдастығы шеңберінде “Тетис”ғылыми қоғамының, Қазақстанның Ұлттық комитетінің қолдауымен Global Biodiversity Information Facility (GBIF) және ҚР Зоология институты ұйымдастырды.









