Батыс Тянь-Шань Энтомофаунасы: көктемгі экспедиция қорытындылары
20 сәуір мен 29 мамыр аралығында Зоология институтының энтомология зертханасының қызметкерлері Батыс Тянь-Шань аумағында ғылыми экспедиция жүргізді. Зерттеу жұмыстары үш ерекше қорғалатын табиғи аумақты қамтыды: «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы және Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы.









