БАТЫС ТЯНЬ-ШАНЬНЫҢ БИОӘРТҮРЛІЛІГІН САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

Өткізу уақыты: 11–13 қараша 2026 ж.

Өткізу орны: Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

Халықаралық ғылыми конференция
«БАТЫС ТЯНЬ-ШАНЬНЫҢ БИОӘРТҮРЛІЛІГІН САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ»

Сіздерді Орталық Еуразиядағы алғашқы мемлекеттік табиғи қорық – Ақсу-Жабағылы қорығының 100 жылдығына арналған «БАТЫС ТЯНЬ-ШАНЬНЫҢ БИОӘРТҮРЛІЛІГІН САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция 2026 жылдың 11–13 қараша айында Алматы қаласында (Қазақстан) өтеді. Конференция барысында Батыс Тянь-Шань биоәртүрлілігінің қазіргі жағдайы мен оны сақтаудың перспективаларына, экожүйелік және түрлік алуантүрлілікті қорғауға, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) өңірлік және жаһандық деңгейдегі маңызына арналған іргелі және қолданбалы зерттеулер талқыланады.

Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» РМК, ҚР ЭТРМ «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» РМК, ҚР ЭТРМ «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» (МАБ) бағдарламасының Қазақстан ұлттық комитеті.

Өткізу уақыты: 11–13 қараша 2026 ж.

Өткізу орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 93, Зоология институты.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Өткізу форматы: гибридті (офлайн және онлайн).

Қатысу нысандары

– пленарлық баяндама (20 мин);
– секциялық ауызша баяндама (10 мин);
– постерлік баяндама;
– сырттай қатысу (мақаланы жариялау арқылы).

Конференцияның негізгі бағыттары

  • Батыс Тянь-Шань фаунасының қазіргі жағдайы және оны сақтау перспективалары;
  • Батыс Тянь-Шань флорасын зерттеу және сақтау мәселелері;
  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы түрлік және экожүйелік алуантүрлілікті сақтау;

Пленарлық баяндамаларға, симпозиумдар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға ұсыныстар қабылданады.

Дөңгелек үстелдер:

  1. «ЕҚТА-дағы биоәртүрлілікті мониторингтеу»;
  2. «Антропогендік факторлардың биоәртүрлілікке әсері»;
  3. «Ақсу-Жабағылы қорығының биоалуантүрлілігін сақтаудың заманауи мәселелері»;
  4. «Орталық Еуразиядағы ЮНЕСКО биосфералық резерваттары».

Маңызды күндер:

2026 ж. 1 сәуірге дейін – пленарлық баяндамалар, симпозиумдар және дөңгелек үстелдер бойынша ұсыныстар қабылданады.

2026 ж. 6 сәуірге дейін – қатысуға өтінімдер жіберуге болады.

2026 ж. 16 тамызға дейін – баяндама материалдары қабылданады.

Материалдарды келесі электронды почтаға жіберу қажет: science@zool.kz

Осы сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfZm_dOrS43mAoMDP5XT_GpZY7PS49Tmarluwx8ypM07mdGRQ/viewform?usp=publish-editor

Материалдарды жариялау

Конференцияға орай материалдар жинағын шығару жоспарланған (рәсімдеу талаптары төменде берілген).

Өтінімдер мен материалдарды: science@zool.kz электрондық поштасына жолдау қажет.

Конференцияға тіркелген барлық қатысушыларға онлайн қатысу сілтемесі екінші ақпараттық хатта жіберіледі.

Логотипы организаторов научной конференции, посвященной 100-летию заповедника Аксу-Жабаглы
Әкімші