Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Орталық Азияның биоалуантүрлілігін сақтау мәселелері мен перспективалары»

Өткізу мерзімі: 6 – 8 қараша 2025 ж.

Өткізу орны: Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

2025 жылғы 6–8 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті «Орталық Азияның биоалуантүрлілігін сақтау мәселелері мен перспективалары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция өткізу бастамасы тікелей 2025 жылғы наурызда өткен IV Ұлттық Құртаайда Президенттің атап өткен басым бағыттарына байланысты. Ел Президентінің сөзінде табиғи экожүйелерді және биоалуантүрлілікті сақтау тұрақты дамудың стратегиялық бағыты ретінде ерекше назарға алынған болатын.

Конференцияның мақсаты – аймақтың биоалуантүрлілігі, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық ағарту және тұрақты табиғатты пайдалану мәселелері бойынша білім мен соңғы ғылыми ақпаратпен алмасу. Іс-шара аясында Сиверс алмасын (Malus sieversii) сақтау, экотуризмді дамыту және экологиялық зерттеулердегі цифрландыру мәселелеріне де назар аударылады.

Конференцияны бірге ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы
  • Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (UNDP)
  • Германия Федералдық қоршаған ортаны қорғау қоры (DBU)
  • «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ
  • «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» РМУ
  • «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» АҚ
  • РГП на ПХВ «Институт зоологиясы» КН МНВО РК
  • РГП на ПХВ «Өсімдік биологиясы және биотехнология институты»
  • «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМУ

Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары:

  • Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты даму
  • Биоалуантүрлілікті сақтауда ерекше қорғалатын табиғи территориялардың (ООПТ) рөлі
  • Табиғи мұраларды сақтауда экотуризмнің қолданылуы
  • Экологиялық білім беру және ағарту
  • Биоалуантүрлілікті мониторингтеу үшін ГИС және цифрлық технологияларды қолдану

Қатысу шарттары:

  • Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
  • Өткізу орны: Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (пленарлық отырыс), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, География және табиғатты пайдалану факультеті (секциялық отырыстар).
  • Мақалалар 2025 жылғы 5 қазанға дейін мына электрондық поштаға қабылданады: unesco.kaznu@gmail.com.
  • Қатысушыларды тіркеу greenbridgework.kaznu.kz сайтында («Халықаралық конференция» бөлімінде) қолжетімді.
  • Конференция материалдары конференцияға дейін электрондық жинақ болып шығарылатын болады.
  • Рецензиядан өткен мақалалар «Вестник КазНУ. Географиялық серия» журналында жарияланады (Scopus-қа индекстелетін жинақ).
  • Ұйымдастырушылық жарна: 200 USD (сыртқы қатысушылар) / 90 USD (ұйымдастырушылардың серіктестері).

Мақалаларды дайындауға қойылатын толық талаптар мен қосымша ақпарат конференцияның ақпараттық хатында берілген:

Әкімші